College news

15 february 2014
Біздің күнделікті жұмысымыз

                                         Біздің күнделікті жұмысымыз

 

         Қазіргі кезең  білім  деңгейі жоғары, академиялық және әлеуметтік мобильділігі бар , өзінің кәсіби білімін үнемі толықтырылып, өзін-өзі дамытып отыратын мамандарды талап етеді.   Осыған орай оқу-тәрбие жұмысын, оның ішінде оқушылардың өзіндік жұмысын жоспарлау  мен ұйымдастыруға өзгерістер енгізу керек.

           Бұл ең алдымен оқу процесінің сипаты мен мазмұнын өзгертуге қатысты. Оқушылардың терең білім алу жетістігінің әдісі  мен олардың бойында белсенділік пен өздігінше жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру үшін  қызметтің жеке түріне көңіл бөлген жөн.

          Алдына қойған мақсатына жету үшін біздің цикл оқытушылары  оқу-әдістемелік базасын үнемі жаңартып, толықтырып, СОӨЖ сабақтарын өткізу сапасын көтеруге үлкен көңіл бөледі. Себебі бұл сабақтар  оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру мен  олардың креативті қабілетін дамытуға түрткі болу негізін қалыптастырады.

          Әр топта кейбір оқушылардың дайындық деңгейі мен білімді қабылдауы  әртүрлі. Бұл жеке тапсырмаларды қолдану қажеттігін туғызады.: не тест бойынша жауаптың қарапайым түрі  немесе терең талдау жасалынған ауызша жауап.

          Айта кететін жай, оқу орындарына түсушілердің дайындық сапасы  төмендеп келе жатқандықтан , бірінші орынға сабақтың сапалы нәтижесі қойылады. Бүл  - психологиялық кедергіні жеңу және танымға деген ұмтылыс қажеттігін түсіну деген сөз.  Сондықтан цикл оқытушылары жыл сайын практикалық сабақтарды өткізуде түрлі әдістерді өзгертіп, қолдануда.Мысалы, оқытушы Ишмухамедова В.М. « Байланыс статистикасы» пәні бойынша практикалық сабақтарды өткізуде түрлі  жеке тапсырмаларды пайдаланады: қарапайым сұрақ-жауаптан бастап, оқушылар қабілетінің деңгейіне қарай таблица құру арқылы есеп шығару. Оқытушы  Ергалиева А.Қ. аудиторияны белсендіру үшін викторинаны қолданса, Рахимкужаева Ә.Р.  талдау таблицасын құрастыруды, Рахимова Л.И. психологиялық тексттерді толтыруды қолданады.

          Нәтижесі 1 семестрдегі пәндердің қорытындысы бойынша  аттестацияның  орташа балдарында көрініс тапты. Ол 80 және одан да жоғары пайызға жетті.

          Оқытушылар ұжымы мен колледж әкімшілігі алдында апта сайын ашық презентация өткізу арқылы циклде үнемі жаңалықтармен өзара бөлісу жүріп жатады.

          1 семестр бойы цикл оқытушылары  Рахимова Л.И., Ишмухамедова В.М., Григорян М.Г., Ергалиева А.К. ҚР білім және ғылым Министрлігі бекіткен 14 Үлгілік оқу бағдарламасын дайындады.

         Оқушылардың шынайы қабілеттерін ескере отырып , оқушылардың жеке жұмыстарды орындау үшін тапсырмаларды жаңарту жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады.

         Алайда, цикл оқытушылары қандай да болсын жұмыстағы сияқты түрлі мәселелермен кезігіп отыруына тура келді.   Осының бір көрінісінің формасы ретінде,  үлгерімі нашар немесе тәртіпті бұзушылармен жұмыс болып табылады.

         Колледж әкімшілігімен  тікелей байланыс арқасында  (директор Айғараева Ғ.Ә., директор орынбасары Шуакаева А.К.)  цикл оқытушылар- кураторлары  белгілі бір кедергілер мен қиындықтарды жеңіп, 1 семестр қорытындысы бойынша жақсы нәтижеге жете алды.

 

Последние новости
19.02.21
Prevention of juvenile delinquency
23.08.17
Nothing in our lives isn’t so cheap and isn’t appreciated as expensively as knowledge and qualification. When we choose our professions, we create a method and a way of life.
22.12.15
November we went with a group to the theater M.Auezov. The performance was called “The evening in the “Empire”, it was very interesting and exciting. Actors of the theater played ski...
Mo Tu We Th Fr Sa Su
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31      
+7 (727) 226-79-13, 226-79-78
Contact Information
Developed by Panther Web Solutions»