Колледж жаңалықтары

13 маусым 2016
9 мамыр - Жеңіс күніне арналған мерекелік ашық сабақ

6 мамыр күні АБК-да Ұлы Отан соғысындағы Кеңес одағының Жеңісіне арналған ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына соғыс ардагерлері, еңбек ардагерлері және колледжіміздің бұрынғы оқытушылары Нефедова Вера Александровна, Адылова Лейла Бизауовна, Синицына Галина Константиновна, Бояринцева Анна Андреевна шақыртылды, сонымен қатар ардагерлермен кездесуге колледждің оқытушылары мен студенттері келді. Құттықтау сөзін колледж директоры Ғ.А.Айғараева сөйледі.
Осы іс-шараның дайындығы мен өткізілуіне 15-РЭиС-609-1р мен 13-РЭиС-612-3р топтары өз жетекшілерімен және оқытушылары Тунгенбаева К.Б., Гладышева Н.Н., Прилепкина Л.П. ат салысты. Балалар дәрісхананы шарлармен безендіріп, соғыс жайлы қабырға газеттерін іліп, дәрісхананың сәнін келтірді. Оқушылар соғыс жайлы тақпақтар мен өлеңдер және майдан жазушыларының әдеби шығармаларынан үзінді оқып, отырған қонақтардың көздеріне жас алдырды. Мерекелік іс-шараның музыкалық көркемделуіне 13-РЭиС-612-3р тобының студенттері жауап берді. Концерт барлығына ұнады. Соңында барлық ардагерлерге сыйлықтар мен гүлдер табысталды.
 

Последние новости
25.02.21
Онлайн және офлайн кі тур режимінде өтті, біріншісіне қаланың 70-ке жуық оқушысы қатысты. Оның 52-сі колледжге екінші турға шақырылды.
19.02.21
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
12.02.21
Дара оқырман. М.Мақатаев 90-ж  
дү се сә бе жұ се же
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     
Колледж жаңалықтары
САУАЛНАМА
Колледждің аудиториядан тыс іс-шараларын қалай бағалайсыз?
Колледждің аудиториядан тыс іс-шараларын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Орташа
Жауап беру қиын
Қанағаттанарлық
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"