ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінің Спортклубы өзінің жұмысын ұйымдастырып атқарып келеді және «Дене шынықтыру» пәні бойынша академиялық сабақтар өткізеді, қызметкерлерге, студенттерге оқушыларға спорт секцияларын ұйымдастырды. Спортклубтың негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, спорт түрлерін дамыту және колледж студенттері мен қызметкерлерін спортпен айналысуға шақыру.
ҚАУ жанындағы АБК спорт базасына мыналар кіреді:
• спорттық ойын түрлері үшiн үлкен зал: волейбол, баскетбол, шағын-футбол, үлкен теннис;
• үстел теннисі, аэробика, би, соғыс өнері үшін кіші зал бар;
• қазіргі заманға сай жабдықталған жаттығу залы;
• балет залы хореография, дефилемен айналысу үшін;
• волейбол, баскетбол үшін жазғы алаң.
Спорт базасында киім ауыстыратын бөлме және душ бар.
Спортклубта спорттың келесі түрлері ылғи жұмыс істейді:
• баскетбол;
• шағын-футбол;
• үстел теннисі;
• волейбол;
• үлкен теннис;
• бодибилдинг
• аэробика;
ҚАУ спартакияда бағдарламасы аясында жарыс, басқа оқу орындарының студенттерімен матчтық және халықаралық кездесулер өткізіледі.
Дәстүрлі емес спорт түрлері шейпинг, шығыс жекпе-жектері сияқты спорт түрлері өткізіледі. Жаттығу сабақтары жоғары деңгейде өткізіледі.
Студенттердің назарына!
ВКК анықтамасы – дене шынықтыру сабағынан босатылу үшін, анықтаманы оқу жылының басында бір ай көлемінде алып келу керек.
ВКК анықтамасы – мемлекеттік емтиханнан босатылу үшін мамыр айында алып келуі керек.
Ауырғаны туралы анықтама емханадан алынған болса, амбулаториялық картамен бекітіледі, ауруханадан алынған анықтама- стационардың шығару қағазымен бекітіледі. Анықтамалар 3-күн ішінде берілуі қажет.

 

Алматы байланыс колледжінде дене шынықтыру пәні міндетті медициналық тексерістен кейін 3 жыл бойы болады. Оқу сабағы 1-3 курс студенттеріне сабақ кестесі бойынша, аптасына 2 рет 2сағат оқу ғимаратының спорт залында болады. Оқу жылы бойына спорт секциялары мына түрі бойынша жұмыс істейді: футбол, волейбол,теннис. Жыл сайын студенттер ЖОО-ның спорттық іс-шараларына белсенді түрде қатысады. «Денсаулық күні» дәстүрлі шараға айналды, осы күні тауға, демалыс орындарына серуенге шығып, факультет арасында спартакияда ұйымдастырылады. Колледж оқушылары Қысқы Олимпияда ойындарына арналған спартакиядаға қатысты (2 және 4 орын иеленді). «Старты надежд» спорттық ойынын 1-3 курс арасында өткізілді. Футбол, волейбол, баскетбол 1-2 курс арасында өткізілді.

 Спорт залы дене шынықтыру пәнін жүргізуге лайықты спорт жабдықтарымен мүмкіндігінше жабдықталған.