«SCHOLARSHIPS» АРНАЙЫ СТИПЕНДИЯСЫ  ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1)   «Scholarships» арнайы стипендиясы – ҚАУ және ҚазБСҚА-ның дарынды  оқушыларына, студенттеріне, магистранттарына тағайындалады, ақылы топта оқитындарға, әр түрлі жағдайға байланысты (отбасылық жағдай, денсаулығына, қаржы мәселесі т.б.) оқу ақысын төлеуге мүмкіндіктері жоқтарға.

2)   Арнайы стипендияның тағайындалуы шектеулі:

·      магистратура/бакалавриат/ колледжде оқушылары  - әр факультетте (мамандықтарына байланысты) ақылы бөлімде оқитын оқушылардың жалпы құрам  саны 15%  кем болмауы керек, оның ішінде:  3% -ы 100% стипендия, 6%-ы - 50% стипендия,  6% -ы  25% стипендия алады;

·      ҚАУ жанындағы мектеп (5-11 сыныптар) және ҚазБСҚА жанындағы лицей  (5-11 сыныптар), сонымен қатар сырттай бөлім оқушылары  - факультеттің  (колледж, мектеп, лицей) жалпы құрам  саны 10%  кем болмауы керек, оның ішінде :  2%-ы 100% стипендия, 4% -ы  50% стипендия,  4% -ы  25% стипендия алуы мүмкін.

3)    «Scholarships» тағайындалуы: күндізгі бөлім оқушыларына – бір оқу семестріне; ҚАУ жанындағы мектеп және ҚазБСҚА жанындағы лицей - жартыжылдыққа; сырттай бөлім оқушылары  - бір оқу жылына.

4)  Күндізгі бөлім оқушылары арнайы стипендияны  2 рет қана қатарынан ала алады.  Сырттай бөлім оқушылары  арнайы стипендияны  2 рет  қатарынан ала алмайды.

5)  100% арнайы стипендияны алу міндеті мен шарттары мынандай: емтихандық сессиядан кейін үлгерімі өте жақсы (бағалары «А-» төмен емес); оқу-ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысу  (конференцияларға баяндамамен қатысу, БАҚ-қа жариялау және т.б.) және  академия/университеттің қоғамдық жұмыстарына ат салысу; ҚАУ және ҚазБСҚА-ның имиджін көтеру және ЖОО-ның жетістіктерін жариялауға көмектесу; оқытушылар мен студенттер арасында беделі жоғары болу керек. 

6)   50% арнайы стипендияны тағайындаудың өлшемі тура 100% стипендиямен сәйкес, емтихандық сессия нәтижесінемен жалғыз ғана баға «В» болу керек.

 7)    25% арнайы стипендияны тағайындаудың өлшемі тура 100% және 50% стипендиямен сәйкес, емтихандық сессия нәтижесінде екі баға «В» болса.

8)   100%, 50%, 25% арнайы стипендия күндізгі бөлім магистратура/бакалавриат/колледж 1-курс (оқу жылына) оқушыларына аванс ретінде тағайындалады, ҚАУ жанындағы мектеп (5-11 сыныптар) және ҚазБСҚА жанындағы лицей  (5-11 сыныптар) бірінші оқу семестріне (бірінші жартыжылдық), БҰТ-дан жоғары балл жинаған оқушыларға, кешенді тестілеу нәтижесі бойынша. 100%  стипендияны бекіту шарты бойынша бірінші емтихандық сессия үлгерімі өте жақсы  (бағалары «А», «А-») және 50% стипендия – үлгерімінде баға жалғыз «В» болуы керек, және 25% стипендия, емтихандық сессия нәтижесінде екі баға «В» болса, өткен оқу жылының бірінші семестрінің (бірінші жартыжылдық) арнайы стипендиясы сақталады. Егер оқушы алған стипендиясының шарттарын орындай алмаса өткен семестрдегі оқу ақысын толық төлеуге міндетті (бірінші жартыжылдық). I-семестрге  (жартыжылдық) аванспен стипендия алған талапкерлер және II-семестрдегі (жартыжылдық) байқауға өтініш бермеген оқушылар, емтихан нәтижесі жоғары болса да II-семестрдегі (жартыжылдық) байқауға қатыса алмайды.

9)  Іс-шараның бақылау күнтізбесіне сәйкес арнайы стипендияға үміткерлер Президенттің атына арнайы бланкке материалдық қиындықтарын көрсете отырып өтініш жазу керек. Өтінішке сәйкес барлық қажетті құжаттар арнайы бланкте толтырылып, тіркелуі керек. Сырттай бөлімде оқитын оқушыларға арнайы стипендия тағайындалуы үшін осы Ереженің  5 бөлім шартымен қоса, түпкілікті немесе мезгілдік жұмыстың болмағандығы (жергілікті әлеуметтік қорғау мекемесінен және еңбекпен қамту орталығынан анықтама) немесе  кемтарлық, ұзақ уақыт еңбекке жарамсыздығы т.б. себептерін көрсетуі шарт.

10) Оқушылардың өтініштері байқау  комиссиясында қаралады, ХБК  Президенті басқаратын құрам.

11) Байқау комиссиясының шешімі ХБК  Президенті  бұйрыққа қол қойғаннан кейін күшіне енеді. 

12) Факультеттердің декандары және директорлар (колледж, ҚАУ жанындағы мектеп, ҚазБСҚА жанындағы лицей) екі күн ішінде оқушыларды байқау комиссиясының шешімімен таныстырып және қолдарын қойғызады. 

13) Арнайы стипендия байқауынан өтпей қалған оқушыларға оқу ақысын төлеу мерзімі бекітіледі – ол  байқау комиссиясының отырысынан кейінгі он күннің іші.

14) Арнайы стипендияның қаржыландыру көзі ХБК-ның ақша қоры болып табылады, қаржы-экономикалық жұмысының нәтижесінде алған.  

Арнайы "Scholarships" стипендиясың тағайындау туралы көшіріп алу

Арнайы «Scholarships» стипендиясын тағайындау туралы