Сарғайып, айналасын сары алтынға толтырып, әдемі де әсем күз мезгілі де жетті. Бұл әсемдік пен сұлулыққа қарап тұрсаң көзің той                майды. Қарай бергің келеді де тұрады. Күздің тағы бір ерекшелігі күзгі бал мерекесі. Осы мерекеде көп жастар бір-бірімен  танысып, бірін – бірі, ғашық болып жатады. Ғашық болудың арқасында, үлкен өмірге  танысқан ғашықтар қол ұстапыс ,аттанып жатады.

Осы күз мерекесіне байланысты біздің де колледждің жастары  Күзгі бал іс-шарасына үлкен дайындықты да бастап кетті.   Көйлек тігу, шаш сәнін жасау, алдаын-ала жұптарды анықтау сияқты  дайындық та басталды. Әр қатысушы күзгі балдың ханзадасы мен ханшайымы болуды армандайды. Бірақ жарыстың аты жарыс: жеңімпаз біреу-ақ. 2013 жылдың 22 қарашасында  күзгі бал  мерекелік іс-шарасы өткізілді. Бұл күзгі балдың ерекшелігі оқушылардың театрланған көріністер көрсетіп, кейіпкерлердің бейнесін сомдауы болды. Балға 9 жұп қатысты. Бұл жерден біз Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қалқаман-Мамыр, Ромео-Джулетта, Кай мен Герда, Андрей Болконский мен Наташа Ростова, Еңлік-Кебек, Төлеген мен Жібектерді біз осы балда көрдік.  Әр жұп өздерінің күзгі салаттары мен  күзгі көйлектерінің сән үлгісін көрсетті.

Әділқазы алқасы құрамы  тәуелсіз   оқытушылардан құралды: Михиева А.И.,  Сыбанбаева Д.К., Гакипова А.Д, және студенттер деканы Абдигаппарова Айсара.  Конкурс әділ болу үшін әр деңгейден өткеннен соң  5-балдық бағалармен бағалап отырды. Әрбір конкурста жұптар өз өнерлерін барынша көрсетіп бақты. Сайыстың соңында 9 жұбымызда әдемі бал биін биледі.

Бұл биді кәсіби деңгейде көрсетті десе де болады. Бидің композициясын дайындаған 3-курс студенті Сатымбаева Әйгерім болды. Әділқазылар конкурстың шешімін шығарғанша мерекелік іс-шараны ұйымдастырушы  оқытушыларымыз  Аюпова А.Қ  мен Бақтыбекова А.Н. көрермендермен зияткерлік ойындар ұйымдастырып, мерекені қыздыра түсті. Кеш соңы би кешімен ұласты.