Студенттер үйі

Жалпы 635 орынға арналған, жатақхана күрделі жөндеуден өткен және қазіргі заманның барлық талаптарынай сай, қолайлы, ғаламтор желісіне қосылған компьютер залы, демалатын бөлме, электротехникамен жабдықталған, оқу залы, кір жуатын бөлме, ас әзірлейтін орын, буфет, жаттығу залы бар. Студенттерге барлық жағдай жасалынған. ЖОО-ның аумағында орналасқан. Адрес:Торайғыров көшесі 23

Студенттер жатақханадағы бөлмелерді таза ұстайды. «Ең жақсы бөлме» байқауын академия әкімшілігі жылда өткізеді. Диплом және бағалы сыйлықтармен марапаттайды.

Студенттер үйі 2006 жылы Алматы қаласында өткен қалалық жатақханалар арасындағы байқаудан 89 жатақхананың ішінен бірінші орын иеленді. Жатақханалардың ішіндегі ғаламтор желісіне қосылған жалғыз жатақхана еді. Жатақхана ғимараты, аумағы күндіз-түні ЖОО-ның Қауіпсіздік қызметімен бақыланады.

Студенттер үйінде тұру – тегін!

Әкімшілік

Студенттер үйінің директоры  Бейшекеева Гульжан Медетбековна d.s_mok@mail.ru

Телефоны: 309-91-62
E-mail:

Жатақханада тұру ережесі

1. Студенттер үйінде тұратындардың құқықтары:
1.1.Тұрмыстық бөлмелерді, жуынатын бөлмені, оқу залын және басқа ортақ қолданылатын бөлмелерді қолдануға;
1.2. Қолдануға жарамайтын құрылғыларды,
жиһаз, төсек-орын жабдықтарын және жатақхананың басқа заттарын уақытымен ауыстыртуға және қызмет барысындағы  мәдени-тұрмыстық  кемшiлiктердi жою;
1.3. Жатақханада тұратын студенттердің барлық мәселелерін шешу мақсатында, арнайы студенттік өзін-өзі басқару ұйымы – жатақхана студенттерінің жоғары Кеңесін құруға және тілек, ұсыныстар айтуға.
2. Студенттер үйінің тұрғындарының міндеті:
2.1. Ішкі тәртіп ережесін қатаң сақтауға;
2.2. Ортақ қолданылатын бөлмелер мен өз бөлмелерінде тазалықты сақтау;
2.3.Жатақхананың  ғимараты, құрылғылар және басқа инвентарларды ұқыпты ұстау және сақтауға;
2.4. Су мен электрқуатын үнемді пайдалануға;
2.5. Жатақханадағы кезекшілікті кестеге сәйкес атқаруға;
2.6. Мүліктерді бұзып алған жағдайда ҚР заңына сәйкес материалдық шығынын төлеуге;
2.7. Электрлік аспаптарды, тұрмыстық техниканы қолданған кезде өрт қауіпсіздік ережесін сақтау және қосымша электржылытқыштарды әкімшіліктің рұхсатынсыз қоспауға;
2.8. Жатақханадан кеткенде
жиһаз, төсек-орын жабдықтарын және жатақхананың басқа заттарын өткізіп кетуге.
3. Жатақханада тұратындарға тыйым салынады:
3.1. Өз бетімен басқа бөлмеге ауысуға, инвентарды бір бөлмеден екінші бөлмеге көшіруге;
3.2. Электржелілерін түзетуге және өзгертіп жасауға ;
3.3. Өртке қауiптi заттарды пайдалануға;
3.4. Жатақханаға мас болып келуге, темекі шегуге, спиртті сусындарды сақтауға;
3.5. Жатақханаға студенттер өздеріне берілген рұқсат қағаздарымен  сағат 23.00 дейін кіруге, бөтен адамдар жеке куәліктерімен  20.00с. – қыста,  21.00с. – жазда.
4. Жатақхана ережесін бұзғандағы жауапкершілік:
4.1. Ректорат жатақхана тұрғыны Ішкі тәртіп ережесін бұзған жағдайда тәртіптік жаза қолдануға құқылы;
4.2. Егер материалдық зиян келтірген жағдайда, келтірілген шығынға акт жасалады, шығынды өтеу түрі мен уақыты беріледі;
4.3. «Тұру ережесі Студенттер үйі(жатақхана )» тәртіпті бұзған жағдайда келесі жаза түрі қолданылады:
• жатақхана тәртібін өрескел бұзған жағдайда жатақханадан шығарылады;
• еңбек жазасы (тазалық, жатақхана еденін жуу, берілген аумаққа тазалық жасау).

 

Байланысу

Студенттер үйі ЖОО-ның аумағында орналасқан.

Адрес:Торайғыров көшесі 23    

дү се сә бе жұ се же
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
САУАЛНАМА
Колледждің аудиториядан тыс іс-шараларын қалай бағалайсыз?
Колледждің аудиториядан тыс іс-шараларын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Орташа
Жауап беру қиын
Қанағаттанарлық
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"