Қазіргі уақытта адамдар ақпарат және қарым-қатынас жасау үшін жоғарғы деңгейдегі телекоммуникацияны аса қажет етеді.Байланыс саласында хабары жоқ адам қазіргі заманғы қызмет көрсету жабдықтарын білуі  және  бақылауы  мүмкін емес.
Сондықтан да байланыс технигі өз саласында сапалы жұмыс істеу үшін өз білімін тек теория жүзінде ғана емес, тәжірибемен де ұштастыру қажет.
  Ақпараттық жүйелер үнемі өзгеріп отыратындықтан бағалы маман болып қалу үшін  үнемі  кәсіби дағдылары мен білімдерін жетілдіріп отыру керек,сонымен қатар төмендегі жұмыстарды жасай білу керек :
-           желілік және телекоммуникациялық технологияларын: ОКС№7, PDH, SDH, GPON, DVDM және т.б.;
-           қондырғыны баптау;
-          өшуді анықтау және өлшеу ;
-          ағылшын тілін білу (техникалық);
-          мультисервистік телекоммуникациялық желілерін құру;
-          оптикалық кабельмен жұмыс істеу;
-          жұмыс орындарында жұмыс бағдарламаларын дайындау;
-          кабельді жабдықтарда төсеу әдістерін білу;
-          қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау.
     Осы мамандық түлектері қазіргі уақытта мынадай мекемелерде  табысты еңбек етуде: "Қазақтелеком" АҚ, "Алматытелеком" АТД, "АЖҚ" АҚ, "Дальняя связь" топтастығы  және т.б.