ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжі экономика саласы бойынша үш маман дайындайды.

051900 0 – «Экономика»

051600 0 – «Қаржы»

051802 3 – «Есеп және аудит»

Қазақстан тәуелсіздік алып, нарық жолына түсуіне байланысты, байланыс саласына да экономистер қажет. Колледжі бітіріп шыққан экономистер тек байланыс саласында ғана емес, барлық халықшаруашылығында өзі таңдап алған мамандықтары бойынша қызмет ете алады. Қазіргі еңбек нарығына сай әр маман өзінің шебері болуы тиіс. Колледжде экономикалық және бухгалтерлік саладағы қажетті барлық сұрақтарды, мәселелерді дұрыс шешім қабылдап, орындай білуге психологиялық тұрғыдан да, кәсіби біліктілігі тұрғыдан да дайындайды.  Студенттер ІІ курста арнайы тәжірибелік сабақта және ІІІ курста өндірістік тәжірибеде теориялық алған білімдерін іс жүзіне асырады. Колледж  дипломын алып шыққан түлек еш қиындықсыз мамандығы бойынша қызмет атқара алады.