2012 жылы Алматы байланыс колледжінде «Аударма ісі» мамандығы ашылып, колледж аясында тек жаңалық қана болып қоймай, барлық талапкерлердің үмітін толығымен ақтады.

 
¨ 0512000- «Аударма ісі» түрлері бойынша
- 0512013 - аудармашы
Жалпы орта мектеп базасынан кейін 1 жыл 10 ай оқиды
Жалпы білім негізі базасынан кейін 2 жыл 10 ай оқиды

- 0512023
-гид-аудармашы
Жалпы орта мектеп базасынан кейін 1 жыл 10 ай оқиды
Жалпы білім негізі базасынан кейін 2 жыл 10 ай оқиды
 
 
 
 
           
«Аударма ісі» Қазіргі таңда ең жас тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстан ілгері қадам басқан басқа елдердің арасында өз-өзін көрсетіп, биіктен көрінгісі келеді. Ал аудармашы мамандығы сыртқы істер байланысы мен өзге мемлекет өкілдерімен танысып, араласуға үлкен мүмкіндіктер береді.
Қазақ Америка Университеті жанындағы Алматы Байланыс колледжінде 2012-2013 оқу жылында, өз жұмысын заманауи оқу-зерттеу құралдарымен жабдықталған ғимаратта «Аударма ісі» мамандығы бойынша жаңа факультет ашылды.   
  
 
Студенттердің колледжді бітіргеннен кейін алатын біліктілігі:
- Туристерге аймақты таныстыру және ұйымдастыру қызметі;
- Жазбаша және ауызша аударма.
   
Бұл оқу кешені студентті заманауи оқу орны және тегін жатақханамен қамтамасыз етеді. Дәрістер негізінен ағылшын тілінде жүргізіледі.Ғимаратта көптеген дәрісханалар, мультимедиалық бөлмелер, студенттерге тегін нтернет пайдалану мүмкіндіктері бар, конференц-зал, медициналық пункт, заманауи оқу құралдары мен аса бай электронды ресурстармен жабдықталған 2 кітапханасымен білім алушыларға өте қолайлы жағдай туғызуда. Оған қоса, студенттерге арналған Canteen -асханада олар тамақтанумен шектеліп қана қоймай, бос уақыттарында бас қосып, студенттік өмірлеріндегі маңызды мәселелерін талқылауға, демалуға мүмкіндіктері мол. 
Колледжде ағылшын пәні оқытушылары мен студенттердің ұйымдастыруымен апта сайын “English club”, тақырыптық сабақтар, диспуттар және дөңгелек столдар ағылшын тілінде өтіп тұрады.
 
Колледждің негізгі мақсаты – терең білімі бар, кәсіптік деңгейі жоғары бүгінгі күннің біліктілік талабына сай маман дайындау. Студенттерге сапалы білім беруді қамтамасыз ету әр ұстаздың міндеті.
              
Жыл сайын колледж студенттері үшін жазғы демалыстарын шетел мемлекеттерінде өткізу дәстүрге айналуда. Оқытушылар өз біліктіліктерін арттыру үшін Брайтон, Оксфорд, Париж, Лондон сияқты ірі қалаларда әріптестерімен тәжірибе алмасып,оны демалыспен ұштастырып отырады.
 
Студенттер білім саласында жеке және кәсіби шеберліктерін жетілдіру және арттыру үшін колледждер арасында өтетін және қалалық олимпиадаларға, студенттік ғылыми жобалар мен конференцияларға қатысады. Жыл сайын әртүрлі бағдармалармен елімізден жырақ шет мемлекеттерге саяхат жасайды.Қалада өтетін әртүрлі семинарлар мен шет тіліндегі әңгіме-сұхбат кештеріне қатысып жүреді. Ағылшын апталығына белсене араласып, ат салысады.