Байланыс технигі мамандығы 1931 жылдан бері дайындалып келеді.
Лицензия №0005817 2000 жылдың 25.07 берілген.
Мамандарды дайындау қазақша және орысша бөлімдерде күндізі және сырттай оқу түрі бойынша жүргізіледі. Осы жылдар ішінде мынадай мамандықтар бойынша дайындық жүргізілді: «Қалалық телефон желісі», «Автоматты электр байланысы», «Аудандық электр байланысы», «Байланыс желісі және коммутация жүйесі», «Радиоэлектроника және байланыс», мамандығы «Байланыс технигі».
130609 3 «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы, кәсібі «Байланыс технигі» маман оқытушылармен толық қамтылған. Циклде жоғары білікті 7 маман оқытушы қызмет етеді. Қазіргі кезеңде цикл құрамына: жоғары санаттағы оқытушы, Қазақстанның Еңбегі сіңген байланысшысы, цикл меңгерушісі Л.Г. Богомолова, 1 санаттағы оқытушылар: Глухова Н.В., Шуакаева А.К., Асанова К.С., Тлеужанова М.Т.,Нурахметова Ж.С.
Колледж құрылғаннан бері циклдегі оқытылатын пәндер «Основы электросхемотехники», «Учебно-профессиональная практика», «Автоматическая коммутация», «Коммуникационные станции городских, сельских, и междугородных телефонных сетей», «Коммутационные станции междугородных телефонных сетей», «Управляющие комплексы электросвязи», «Цифровые системы коммутации» біріктірілді. Мамандықтар бойынша дайындық «Сети связи и системы коммутации», «Районная электросвязь», «Радиоэлектроника и связь», «Техник по связь» мамандығы бойынша дайындық жүргізілді.
Байланыс электртехникумы құрылғанан кезеңнен бастап қазіргі колледжден «Байланыс желісі және коммутация жүйесі» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасында және шет елде өз мамандықтары бойынша қызмет етіп жүрген 6000-нан астам маман білім алып шыққан.
Байланыс колледжінің түлектері колледжден кейін ЖОО-да білімдерін шыңдап, қазір өндірісте электрмеханиктен Қазақтелеком Департаментінің бастығына дейін көтеріліп қызмет етіп жүр. Олардың арасында атап айтар болсақ: В.М. Ульянов бұрынғы байланыс министрі, Алматы электртехникумының директоры болған К.И. Ибрайшин, Ж.Н. Ниеталин,
ҚОТ «Алматытелекомының» бас директоры Ш.П. Раздыков.
Циклдің 2 компьютер классы, 2 шеберханасы, 5 зертханасы, 4 оқу дәрісханасы бар.
Атап өтілген зертханалар мен шеберханалар қазіргі кезеңнің DRX-4, FP II, iCDS 500
жабдықтарымен және стендалармен, макеттермен, өлшеу құралдарымен, көрнектілік оқу құралдарымен жабдықталған.
«Радиоэлектроника және байланыс» «Байланыс технигі» мамандығына дайындайтын оқытушылар оқулықтар, әдістемелік құралдар, зертханалық жұмыстың суреттемесін дайындайды. Олардың әдістемелік жұмыстары бірнеше журналдар мен газет беттерінде жарық көрді.