«Радиоэлектроника және байланыс» мамандығына колледжде 9 сыныпты бітіргеннен кейін де, орта мектеп білімімен де қабылданады. Бірінші курста (9 сыныпты бітіргендер) география, информатика, қазақ әдебиеті, қазақ тілі, литература, математика, русский язык пәндерін оқиды. ІІ курстан бастап студенттер электроника негізі, схемотехника, радиотехникалық өлшеулер, радиоқабылдағыш, радиохабарын беру құралдарымен, теледидар, дауыс тарату, спутниктік және радиореле жүйелері пәндерімен танысады.
«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының зертханасы студенттердің лекцияда алған білімін бекітуге арналған қазіргі кезеңнің жабдықтарымен, макеттерімен, стендаларымен, өлшеу құралдарымен толық жабдықталған. Олар тәжірибе жасай отыра, болашақ мамандығына бейімделеді.
Студенттер 1-2 курстарда радиоэлементтерді дәнекерлеу, электронды схемаларды монтаждау, генераторларды, күшейткіштерді, коректендіру блоктарын, схемаларды құруды үйренуге электромонтаждан және радиомонтаждан тәжірибелік жұмыстар орындайды.
ІІІ курста студенттер колледжде алған теориялық білімдерін әрі қарай шыңдауға Кателко, Алма-ТВ, Қазақтелерадиосы, КТК, Хабар, Қазақстан -1, ЖАРЫК сияқты мекемелерде 45 күн бойы өндірістік тәжірибеден өтеді. Олар өндірісте тұрақты қызметкерлермен бірдей радиотехник мамандығын атқарады.
Бітіріп шыққан түлектеріміз мемлекеттік және жеке кәсіпорындарынадағы телекоммуникация компанияларына жұмысқа орналасады. Кейбірі өзінің жеке телекоммуникациялық компанияларын, мысалы, сигнализация мен видеобақылау орнату, сандық теледидардың кабельдік жүйесін монтаждау, мобельді телефондарды жөндеу сияқты кәсіпорнындарын ашты.
Колледжіні бітіріп шыққан студент ҚАУ-інде осы мамандық бойынша бакалавриаттың қысқартылған бағдарламасы бойынша техникалық жоғары білім ала алады немесе осы салада білім беретін басқа жоғары оқу орындарында білімдерін жоғарлата алады.