Халықаралық сарапшылардың айтуынша байланыс алдыңғы қатарлы жаңалықтар мен технологияларды қарқынды дамытуды ендіре отырып, қазіргі кезеңде ең қарқынды дамып жатқан  сала. Байланыс бұрын да, қазір де ең қажетті сала. Алда да байланыс барлық саланың алды болады.  Коммуникацияның дамуынсыз ешбір ел өзін өркениетті, мәдениетті, саяси-әлеуметіміз және экономикамыз  дамыды деп айта алмайды. Байланысшы мамандығын таңдағың келсе, өзгелерден озық, зияткер, зерделі, жаңалыққа құмар, өмірге еніп жатқан барлық жаңалықтан хабардар болуың  керек.

Өзіңді ХХІ ғасырдың білікті азаматы санасаң, ешқашанда еңбек нарығынан жоғалып кетпейтін мамандық таңдасаң, біздің Байланыс колледжіне кел! Сенің  таңдаған сенімді жолыңа бағыттайтын колледжінің оқытушылар ұжымы сені қуана қарсы алады.

Алматы байланыс колледжі сенің үлкен жолға түсуіңе алғашқы баспалдақ болады.

 


 


Қазақ - Америка университеті жанындағы Алматы байланыс колледжінің оқытушылар құрамы

 ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінде тұрақты 36 оқытушы қызмет етеді, оның екеуі ғылым кандидаты, 12 жоғары санаттағы, 11 бірінші санаттағы оқытушылар.