Математика пәнінің дайындық курсына арналған бағдарламасы орта жалпыбілім беретін мектептің бағдарламасының негізінде жасалған. Қайталанған тақырыптар жүйелі, сапалы түрде меңгеруге бағытталған.Дайындық курсының мақсаты – бітірушілердің математикадан дайындық деңгейін анықтау, мемлекеттік емтиханға дайындық, техникалық және кәсіби білім ошақтарына түсуге дайындық (ҚазБСҚА жанындағы колледж, ҚАУ жанындағы АБК).

Қысқаша сипаттама:
«математика» пәнін оқып біткенде оқушылар мынаны білуі керек: негізгі теориялық білімді тәжірибеде қолдана білу.
Дағдылары және білуі:
- айнымалысы модуль астындағы теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу алгоритмін;
- әр түрлі қиындық деңгейіндегі теңдеулер мен тең сіздіктер жүйесін шешу жолдарын;
-есептеудің тиімді тәсілдерін;
-күрделі функцияларды дифференциалдаудың негізгі әдістерін;
-қолданбалы есептерді шешуде туындыны пайдалануды;
-геометриялық есептерді шешудің ұтымды жолдарын;