Бағдарлама дайындық тобына қазақ тілі пәнін орта мектепте оқыту бағдарламасы негізінде құрылды. Курстың негізгі мақсаты мектепте өткен негізгі тақырыптарды қайталай отырып, тақырыптарды сапалы меңгерту.
Дайындық тобын қамтудағы негізгі мақсат – мемлекеттік емтихан мен арнайы техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына (ҚазБСҚА, ҚАУ жанындағы АБК колледжілеріне) тест сұрақтарын жақсы тапсыруға негізделген.

Қысқаша сипаттама: «Қазақ тілі» пәнінің толық курсын оқығаннан кейін оқушы білуі керек: Қазақ тілінің теориялық ережелерін және оны іс жүзінде қолдануы.

Білу:
- қазақ тіліндегі орфографиялық принциптің негізін толық білу;
-негізгі сөз таптары мен көмекші сөздердің грамматикалық мағынасын дұрыс қолдану;
- синтаксистік ерекшеліктерді әдеби тіл нормасымен сәйкестіре байланыстыру.

Дағдылануы:
- сауатты жаза білу;
- грамматика мен синтаксисті қайталау негізінде сөйлемдегі орфографиялық және тыныс белгілерді дұрыс жазуға;
- сөздің морфологиялық тұлғасын және көмекші есімдерді дұрыс талдауға;
- сөйлем мен сөз тіркестерін синтаксистік тұлғада талдай білуге.

Негізгі мақсат: тіл біліміне қажетті барлық тарауларды қайталау.