Дайындық курсының тыңдаушылары (ДК) колледж деңгейіне сай бекітілген бағдарламаға сәйкес терең білім алады.
Дайындық курсының мақсаты – тыңдаушыларға математика, қазақ тілі, орыс тілі пәндерінен дәріс беріп, тыңдаушылардың білім деңгейін көтеру болып табылады. Өйткені осы пәндерді колледжге түсу үшін тапсырады.
Оқытудың нормативтік ұзақтығы үздіксіз 4-8(1-2айлық курс) апта. ДК оқу үрдісі топпен (15 адамнан кем болмау керек) жүзеге асады, дайындық курсы 2 рет ұйымдастырылады, әрқайсысы 4-8 апталық. Дайындық курсына жазылу қыркүйектен мамыр айына дейін жалғасады.
Дайындық курсына түсу үшін қойылатын талап
Дайындық курсына негізгі орта білімі бар (негізгі мектептің 9 класстары), колледж, гимназия оқушылары барлығы қатыса алады. Түсушілер негізгі орта, жалпы орта білімді растайтын куәлік, белгіленген үлгімен аттестат немесе дипломом, оқитын орнынан анықтама оқушылар алып келулері керек.
ДК бітіргеннен кейін тындаушы оқыған пәндерінен колледжге жетерлік деңгейде білім алып шығулары керек және келесі талаптарға жауап беру міндетті:
Қазақ (орыс) тілдерінде әлеуметтік-тұрмыстық дәрежеде сөйлеу және онымен орта білім деңгейінде қолдана білуі қажет;
Математиканың бастапқы бөлімдерін меңгеріп, орта білім деңгейіндегі есептерді шығара алуы қажет;
Өздері таңдаған техникалық мамандықтарының негізгі пәндері және кәсіби білімдері туралы түсініктері қалыптасуы қажет.