Алматы байланыс колледжі- Қазақстан Республикасындағы  агрометеорология, аэрология және гидрологиялық станцияларға техник-метеоролог мамандығын дайындайтын жалғыз оқу орны болып табылады.  Гидрометеорология пәні курсы 1993 жылы  Алматы гидрометеорология   1965 жылдан бастаған мектебі негізінде ұйымдастырылды. Техник-метеоролог мамандығын алу үшін: 9 сыныптан кейін 2 жыл 10 ай, 11 сыныптан кейін 1жыл,10 ай оқиды. Сондай-ақ сырттай оқу бөлімі де бар. 2 жыл 10 ай мерізімінде оқиды. Студенттер мемлекеттік стандарт негізінде білім алады. АБК бітіргендер мемлекеттік дәрежедегі диплом алады. Өндірістік тәжірибелер Қазақстан Республикасындағы  агрометеорология, аэрология және гидрологиялық станцияларда, Қазавиаметте (аэропорт) өткізіледі. Сабақтарды  іс-тәжірибесі мол ұстаздар жүргізеді. Оқу үрдісі кезінде студенттер келесі пәндерден білім алады:  «Метеорология климатология негіздерінде», «Метеорологиялық құралы және бақылау», «Агрометеорологиялық бақылау», « Геодезия және гидрология негіздері» т/б.  Қазақстанда гидрометеорология жүйесі қалыптасаннан бері екі жүзден астам мамандар дайындалды. Біздің түлектер метеорология, аэрометеорология және гидрологиялық станцияларда, аэропорттарда қызмет жасайды.