Колледж жаңалықтары

1 ақпан 2018
Жыр жүйрігі - Мұқағали Мақатаев

 «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» атанған жиырмасыншы ғасырдағы ұлттық поэзиямыздың ірі тұлғаларының бірі, Мұқағали Мұқатаевтың туған күніне орай ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінің 17-ОиЭО-901-1к-2 тобында «Жыр жүйрігі-Мұқағали» атты тәрбие сағаты өтті. Ақынның Отан тақырыбында, халқына, туған жеріне деген махаббат сезімдеріне толы өлеңдерін топ оқушылары мәнерлеп оқып, жаттап өз өнерлерін ортаға салды. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамасымен Болатбекова Айым таныстырды. Топ оқушысы Құлжабай Әсел «Отан» туралы өлеңін жатқа айтып, Әбдішәкір Жаңабай «Фариза» өлеңін мәнерлеп оқыды. Топ оқушылары «Сәби болғым келмейді» әніне қосылып бәрі бірге шырқады. Ақынның шығармалары топ оқушыларының көңілінен шығып, үлкен бір әсер алды.
Ақынның туған күніне орай Қазақ Америка Университетінде де студенттердің арасында видео-байқау ұйымдастырылып жатыр. Алматы байланыс колледжінің студенттері де осы байқауға қатысуға дайындық үстінде. Студенттерімізге байқаудан сүрінбей өтулеріне тілектеспіз !!
 

Последние новости
27.02.20
18-ВТиПО-401-2к тобының студенттері осы аптада саябаққа барып, қыс мезгілінің тамаша сәтін қызықтап, таза ауада қыдырып, сергіп қайтты. Топ кураторы Тунгенбаева Қуаныш Батырбайқызы студенттерді табиға...
27.02.20
Осы аптада ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледж студенттері Тұран университетінің ұйымдастыруымен өткен «Turan Profi Skills -2020» атты кәсіби шеберлік олимпиядасына қатысып келді.
27.02.20
ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінің студенттері химия және биология пәнінің оқытушысы Абдіманапова Гульнар Сарсенбайқызының ұйымдастыруыменен «Олимпис 2019 – Осенняя сессия» Ха...
дү се сә бе жұ се же
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 
САУАЛНАМА
Колледждің оқырман залының жұмысын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Орташа
Жауап беру қиын
Қанағаттанарлық
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"