Колледж жаңалықтары

2 сәуір 2019
Жарқын болашақ-жастар қолында

ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінде 2019 жылдың наурыз айында «Жарқын болашақ – жастардың қолында» атты сынып сағаты өткізілді.
Жастарды өз елі мен жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын біле отырып, Отанын сүюге, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік құндылықтарын қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Тәуелсіздік жастарға жарқын болашаққа жол ашып берді. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – білімді жастардың қолында. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп атам қазақ айтқандай, бүгінгі жастар елдің болашағы екеніне бәріміз кәміл сенімдіміз.
Кез - келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу кез-келген білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгеді. Қазіргі бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заманда «жалқаулықты жанға серік етіп жатудың» өзі әбестік. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету жастардың басты міндеті.
Сынып сағатын өткізу барысында студенттер пікір таластырып, өз ойларын ортаға салды. Кабибек А., Әзімбай А. баяндама жасап, әр түрлі сұрақтар қойып, арнайы дайындаған бейнефильмдерін көрсетті. Сынып сағатында жастарымызға рух беретін, мақсатқа жету үшін түрткі болатын мотивациялық бейнематериалмен аяқталды.


Радиоэлектроника және байланыс циклінің оқытушылары
 

Последние новости
28.05.20
ҚР-ның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 16 наурыздан бастап барлық университеттер мен колледждер короновирустық инфекцияға байланысты қашықтықтан білім алуға көшу туралы тапсырмаға қол қой...
28.05.20
Бүгінде колледжде білім алу ұят емес, сондықтан көптеген ата-аналар мен жастар біздің колледжді саналы түрде таңдайды. Біздің колледжге биыл 90 жыл толады, ал мұндай колледждер Қазақстанда өте аз.
28.05.20
Күн сайын мыңдаған медицина қызметкерлері COVID-19 жұқтырған адамдарды емдеу үшін өз өмірлерін қатерге тігеді. Жақында олар күтпеген қолдау алды.  
дү се сә бе жұ се же
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930     
САУАЛНАМА
Өте жақсы оқитын студентке мадақтау қарастырылған ба?
Иә, «Scholarships» стипендиясы бар
Білмеймін
Қарастырылмаған
Жауап беру қиын
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"