12.02.2021 күні ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінде студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру мақсатында ашық эдвайзер сағаты өтілді. Студенттермен қатар эдвайзер Аширбекова Р.Н., колледждің тәрбие ісі бойынша директор орынбасары Аяшова А.М., Жасөспірімдер ісі бойынша инспектор Ермаханбет Н.Е., полиция майоры Байбулеков К.Н. қатысты.
Құқықтық сауатсыздық, яғни өз құқы мен міндетін білмей, басқаның құқын сыйламаудың кесірінен көптеген келеңсіз жағдайларға кезігіп отырмыз. Осы орайда инспектор Ермаханбет Н.Е. студентерге барлық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қылмыстың қоғамдағы зияны мен адам тағдырын адастыратын іс екенін әрқайсымыз жете түсінуге тиіс екендігімізді атап өтті.
Сонымен қатар, студенттер де көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, жауабын алды.
Ашық эдвайзерлік сағаты қызықты әрі түсінікті өтілді.
ҚАУ жанындағы АБК-Мектеп оқытушысы: Аширбекова Р.Н.