Колледж жаңалықтары

28 мамыр 2020
Уақыт сынағы

ҚР-ның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 16 наурыздан бастап барлық университеттер мен колледждер короновирустық инфекцияға байланысты қашықтықтан білім алуға көшу туралы тапсырмаға қол қойды.
Содан бері екі ай өтті. Осы уақыт ішінде студенттер Moodl, Zoom және т.б. сияқты бағдарламаларды қолданып, олар арқылы оқытушылар оқу үдерісін үйлестірді. Оқытушылар әр пән бойынша оқу материалдарының мазмұнын қайта қарап, оларды қашықтықтан оқыту режиміне бейімдеді, ал біздің студенттер онлайн-оқыту форматында жұмыс жасауды үйренді.
Оқу үдерісі кезінде оқытушылар мен эдвайзерлер студенттермен үнемі байланыста болу үшін коммуникацияның әртүрлі құралдарын: чаттар, Zoom вебинарлық бөлмелерді және т.б. пайдаланды. Білім алушылар мен олардың ата-аналары туындаған жағдайға түсіністікпен қарады.


Колледж бұл сынақтан лайықты өтіп, оқу процесін аяқтау қарсаңында. Енді колледж келесі сынаққа дайындық үстінде. Бұл-алдағы сессия. Осы сынаққа колледж барынша дайындалып жатыр. Кеңес беру және емтихан тапсыру кестесі жасалды. Сессия онлайн-режимде өтетіндіктен, мамандар студенттерді оған дайындауда. Байқау сынағы өткізілуде.
Колледж ұжымы, студенттер дәл қазір ұйымшылдықты көрсетіп, қиын кезеңді бірге бастан кешіру қажеттігін түсінеді. Құрметті әріптестер, студенттер, біз бәріміз бірге өзімізге және қоршаған ортаға жауаптымыз. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз, жеке гигиена және коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша барлық нұсқауларды сақтаңыз және орындаңыз. Сіздерге зор денсаулық тілеймін! Құрметті студенттер, біз, сіздердің педагогтарыңыз, сіздерді өздеріңе жақын да, сүйікті білім ордасы – колледжде жаңа білім алған және жақсы көңіл-күймен, аманшылықта күтеміз!

 

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклінің
меңгерушісі Рахимкужаева Ә. Р.

 

Последние новости
28.05.20
Бүгінде колледжде білім алу ұят емес, сондықтан көптеген ата-аналар мен жастар біздің колледжді саналы түрде таңдайды. Біздің колледжге биыл 90 жыл толады, ал мұндай колледждер Қазақстанда өте аз.
28.05.20
Күн сайын мыңдаған медицина қызметкерлері COVID-19 жұқтырған адамдарды емдеу үшін өз өмірлерін қатерге тігеді. Жақында олар күтпеген қолдау алды.  
28.05.20
Елде қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты, білім беру саласына енгізілген өзгерістерге сәйкес, біздің Алматы байланыс коллежді қашықтан оқыту жүйесіне көшкені белгілі.
дү се сә бе жұ се же
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
САУАЛНАМА
Колледждің аудиториядан тыс іс-шараларын қалай бағалайсыз?
Колледждің аудиториядан тыс іс-шараларын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Орташа
Жауап беру қиын
Қанағаттанарлық
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"