Колледж жаңалықтары

9 наурыз 2016
Туған Жер- Алтын бесігім!!!

Туған жер - алтын бесік, асыл - анам,
Ауаңмен, ақ сүтіңмен асыраған.
Мендағы ұлың едім, өзің тектес,
Алысқа несібесі шашыраған... дегендей,Туған жер туралы ой толғап, қалам тербемеген ақын -жазушы жер бетінде жоқ болар, сірә!? Бүгінгі күнге дейін туған жерге қаншама әдемі сөздер арналғанымен, ешкім де әлі атамекеннің құдіретін танытатын сөзді ойлап таппаған да шығар...
ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінің 14-ОЭиО-903-2р студенттері де осы тақарыпқа орай «Туған жер – Алтын бесігім» топ сағатын өткізді. Оқушылар туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ақын жазушылардың өлең жолдарымен, өз өнерлері арқылы жеткізді. Топ оқушысы Шукейов Рустем атамекенге арналған өз өлең жолдарын оқып тыңдармандарды бір серпілтіп тастата, ал Қыдырмоллаева Айдана, Шукейов Рустем Айтжанова Камила, Есенгельдиев Адиль өздері дайындаған билерін ортаға салды. Жылы сөздерімен тәрбие сағатының шырайын ашқан жүргізушілер Айтжанова Камила мен Есенгельдиев Адильдің де шеберліктерін де ерекше атап өткеніміз жөн. Топ оқушыларыны бәрі тәрбие сағатының ойдағыдай өтуіне өтуіне ат салысты. Тәрбие сағатының соңында сөз алған колледжіміздің директоры Айғараева Г.А. және оқу ісі жөніндегі директор орынбасары Шуакаева А.К. топ оқушыларына өнерлерін ары қарай шыңдауға бұдан да жоғары деңгейге жете берулеріне өз тілектерін білдірді.
Егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге парыз.
 

Последние новости
13.07.20
2020 жылдың 13 шілдесінде бүкіл ел бойынша үнсіздік минуты жарияланды.
28.05.20
ҚР-ның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 16 наурыздан бастап барлық университеттер мен колледждер короновирустық инфекцияға байланысты қашықтықтан білім алуға көшу туралы тапсырмаға қол қой...
28.05.20
Бүгінде колледжде білім алу ұят емес, сондықтан көптеген ата-аналар мен жастар біздің колледжді саналы түрде таңдайды. Біздің колледжге биыл 90 жыл толады, ал мұндай колледждер Қазақстанда өте аз.
дү се сә бе жұ се же
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
САУАЛНАМА
Өте жақсы оқитын студентке мадақтау қарастырылған ба?
Иә, «Scholarships» стипендиясы бар
Білмеймін
Қарастырылмаған
Жауап беру қиын
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"