Колледж жаңалықтары

19 қазан 2017
Теория мен практиканың өзара байланысы!

Алматы байланыс колледжінде оқу жылы басталғалы екі ай өтті. Бірінші курс студенттері үшін бұл жаңа ортаға бейімделу уақыты мен оқудағы, колледждің қоғамдық жұмысындағы алғашқы жетістіктер болды.
Екінші курс студенттері үшін ортаға бейімделіп, оқудың жаңа кредиттік жүйесін меңгергеніне бір жылдан астам уақыт өтті. Тәжірибесі бар бұл студенттер бірінші курс студенттеріне кеңес беріп, практикалық сабақтарға дайындалуына көмектесуде.
Ал үшінші курс студенттері өндірістік практиканы өтуге дайындалуда. Өздерінің колледжде алған теориялық білімін енді практикада көрсетеді.
Колледж үшін жоғары дәрежедегі мамандарды дайындау маңызды. Ол үшін студенттерге білім берумен қатар, оқытушылар мамандық жөнінде колледж және қалалық деңгейде студенттер арасында конкурстар, өндірістік практика өтетін өндіріс орындарының өкілдері қатысқан дөңгелек стөлдерді өткізеді.
Бұл бағытта өндірістік практиканың жетекшісі әлеуметтік-экономикалық пәндер циклының оқытушысы Ергалиева А.Қ. үлкен жұмыс атқаруда. Ол бірқатар өндіріс орындарымен келісім-шартқа отырды: АҚ “Казахтелеком”, АҚ "Казтелерадио" және т.б.,
Жалпы өндірістік практиканы үшінші курстың 143 студенті өтеді.

 


Рахимкужаева А.Р.
АБК оқытушысы
 

Последние новости
28.05.20
ҚР-ның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 16 наурыздан бастап барлық университеттер мен колледждер короновирустық инфекцияға байланысты қашықтықтан білім алуға көшу туралы тапсырмаға қол қой...
28.05.20
Бүгінде колледжде білім алу ұят емес, сондықтан көптеген ата-аналар мен жастар біздің колледжді саналы түрде таңдайды. Біздің колледжге биыл 90 жыл толады, ал мұндай колледждер Қазақстанда өте аз.
28.05.20
Күн сайын мыңдаған медицина қызметкерлері COVID-19 жұқтырған адамдарды емдеу үшін өз өмірлерін қатерге тігеді. Жақында олар күтпеген қолдау алды.  
дү се сә бе жұ се же
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
САУАЛНАМА
Сізге таңдаған мамандығыңыз ұнай ма?
Иә, ұнайды
Жоқ ұнамайды
Аздап
Жауап беру қиын
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"