Колледж жаңалықтары

26 қазан 2017
Сенбілік- тазалықтың кепілі !

Таза қаланың тынысы кең. Үйреншікті үрдіске айналған сенбілік қаламыздың көркеюіне көп үлесін қосуда. Қазан айының 22 күні өткен осы жалпы қалалық сенбілікке біздің Қазақ Америка Университетінің жанындағы Алматы байланыс колледжіміздің студенттері мен оқытушылары, белсенді түрде ат салысып қатысты. Асқаров көшесінің бойын тазартуға жұмыла кіріскен студенттер мен оқытушылар аз уақыттың ішінде айналаны тазартып, келбеті келісті болуы үшін тер төкті. Тазалық шарасына қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен, күрек, тырнауыш, қолғаптар мен қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етілді.
Жалпы қалалық сенбілік қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған. Әр күн, әр ай тазалық күні, тазалық айы болуы тиіс. Алматы қаласының тазалығы бұл ретте айлық шаралармен шектеліп қалмауы керек. Әрбір өзін, отбасын сыйлайтын адам тазалық жұмыстарын жылдың барлық мезгілінде жүргізеді. Қаланың әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл олардың қала тазалығына қосқан үлесі.

Последние новости
28.05.20
ҚР-ның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 16 наурыздан бастап барлық университеттер мен колледждер короновирустық инфекцияға байланысты қашықтықтан білім алуға көшу туралы тапсырмаға қол қой...
28.05.20
Бүгінде колледжде білім алу ұят емес, сондықтан көптеген ата-аналар мен жастар біздің колледжді саналы түрде таңдайды. Біздің колледжге биыл 90 жыл толады, ал мұндай колледждер Қазақстанда өте аз.
28.05.20
Күн сайын мыңдаған медицина қызметкерлері COVID-19 жұқтырған адамдарды емдеу үшін өз өмірлерін қатерге тігеді. Жақында олар күтпеген қолдау алды.  
дү се сә бе жұ се же
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
САУАЛНАМА
Колледждің оқырман залының жұмысын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Орташа
Жауап беру қиын
Қанағаттанарлық
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"