29 наурыз күні ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінде дәстүрге айналған Наурыз мейрамы аталып өтті.
Наурыз – бұл қазақ халқы және көптеген Азия халықтары үшін жылдың ең басты мерекесі болып табылады. Наурыз көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жыл басы, жаңа өмір бастамасы.
Колледж қабырғасында ұйымдастырылған мерекеде студенттер әндер шырқап, би биледі, салт-дәстүрлерден көріністер қойып, Наурыз мерекесін ұлықтады, бір-біріне бата тілектер айтты. Ұлттық тағамдардан кең дастархан жайып, келген қонақтарды құшақ жая қарсы алды. Сондай-ақ «Арқан тартыс», «Қол күрес», «Кір тасын көтеру» сияқты ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды. Мерекенің соңында колледждің барлық студенттері қазақтың ұлттық «Қара жорға» биін билеп, мерекенің көркін қыздырды.
АБК оқытушылары Л.Е.Карменова, Ә.Т.Дүмшебаева