Колледж жаңалықтары

7 қараша 2017
«ҚОШ КЕЛДІҢ, АЛТЫН КҮЗ»

ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінде қазанның 27-ші жұлдызында «ҚОШ КЕЛДІҢ, АЛТЫН КҮЗ» атты байқау өткізілді.
Студенттеріміздің асыға күткен «Алтын күзі» де келіп жетті. Жыл он екі ай табиғат жаратылысы өзіне тән төрт мезгілге бөлінеді. Әр мезгіл өзінің сұлулығымен таң қалдырады. Соның ішінде жерге сары кілем төсеп қойғандай айналаның алтын түске боялып, көздің жауын алатын күз мезгілінің орны ерекше. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы.
Мерекеге сай безендірілген залдың іші «Алтын күз» тақырыбы түрлі — түсті жапырақпен жазылып, гүлдермен әшекейленді.«ҚОШ КЕЛДІҢ, АЛТЫН КҮЗ» байқауы күз мезгілінің әсемділігіне арналған байқауға 1-курс студенттерінен құралған сегіз жұп қатысты.
Әділ-қазылар алқасының құрамында халықаралық бөлім меңгерушісі В.С.Севрюкова, директор орынбасары А.С.Назарбекова, АБК оқытушылары К.Б.Тунгенбаева, Э.Б. Сайдинова,16-РЭиС-609-2к-1 тобының студенті Қадыров Данияр болды. Бұл байқауды ұйымдастырушы колледж оқытушылары А.Қ. Шуақаева, Қ.Қ.Сенкебаева және 16-РЭиС-609-2к-1, 16-РЭиС-609-2р топтары.
2-курс колледж студенттері ұйымдастырылған байқау 6 кезеңнен тұрды.Байқауға қатысқан 8 жұп таныстыру, өнерлерін көрсету, дефиле және handmade, вальс, газет шығару номанациялары бойынша бақ сынасты. Келесі кезеңдерде өнерлерін ортаға салып, арулар ісмерліктері мен қабілеттерін көрсетіп, сәндік киім үлгілерін ұсынды.
Барлық жұптарымыз жеңіске лайық деп ойлаймыз, дегенмен сайыс болғандықтан жеңімпаз таңдалу керек. Сонымен, әділ -қазылардың шешімі бойынша: «Өнерлі жұп», «Сүйкімді жұп», «Ізденімпаз жұп», «Биші жұп», номинацияларымен қатысқан студенттер марапатталды. Ал, «Күз ханзадасы және ханшайымы -2017» атағына 17-РЭиС-609-1р тобының студенттері Антощенко Александр мен Жұмабекова Аружанлайық деп танылды.
Көптен күткен «Күзгі бал -2017» сайысымыз да өз мәресіне жетті! Қатысушыларға алғысымыз шексіз. Өте жоғары деңгейде дайындалып, өнерлерін ортаға сала білді.

АБК оқытушылары: Асанова Қ.С.
Нұрахметова Ж.С.
 

Последние новости
28.05.20
ҚР-ның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 16 наурыздан бастап барлық университеттер мен колледждер короновирустық инфекцияға байланысты қашықтықтан білім алуға көшу туралы тапсырмаға қол қой...
28.05.20
Бүгінде колледжде білім алу ұят емес, сондықтан көптеген ата-аналар мен жастар біздің колледжді саналы түрде таңдайды. Біздің колледжге биыл 90 жыл толады, ал мұндай колледждер Қазақстанда өте аз.
28.05.20
Күн сайын мыңдаған медицина қызметкерлері COVID-19 жұқтырған адамдарды емдеу үшін өз өмірлерін қатерге тігеді. Жақында олар күтпеген қолдау алды.  
дү се сә бе жұ се же
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
САУАЛНАМА
Колледждің оқырман залының жұмысын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Орташа
Жауап беру қиын
Қанағаттанарлық
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"