Колледж жаңалықтары

28 мамыр 2020
Неге Алматы байланыс колледжін таңдау керек?

Бүгінде колледжде білім алу ұят емес, сондықтан көптеген ата-аналар мен жастар біздің колледжді саналы түрде таңдайды. Біздің колледжге биыл 90 жыл толады, ал мұндай колледждер Қазақстанда өте аз.
Сонымен қатар, АБК студенттерді қажетті мамандықтар бойынша дайындайды. Біздің ойымызша, қазіргі уақытта радио және телекоммуникация, ұтқыр және спутниктік байланыс саласындағы барлық мамандықтар перспективалы. Байланыс саласы Қазақстанда қарқынды дамып келеді, демек, студенттер сабақта әр түрлі технологиялар саласында жаңа нәрсе біледі.
Біздің колледжде IT-технология мамандарын дайындайды. Ал «айтишник» беделді мамандық емес деп кім айтты?!


Колледждің артықшылықтарының бірі 10-11 сынып бағдарламасы бір жыл ішінде игеріледі, ал 2 курстан арнайы пәндер басталады. Біздің колледжде сабақтар ЖОО сияқты 50 минуттан өтеді. Үлкен спорт залы, өзінің компьютерлік сыныптары, лингафон кабинеті, зертханалар және өз асханасы бар.
Екінші курстан бастап біздің студенттер оқу және өндірістік тәжірибеден өтеді. Әрбір студент өндірістік процестің қатысушысы болады және өз мамандығын ішінен көреді. Студенттер кәсіби терминдерді пайдалануды үйренеді, мамандар жұмыс істейтін жабдықтарды көреді, өз мамандығының қыр-сырын біледі. Технологиялық тәжірибе кезінде 3 курста студенттер өздерін болашақ жұмыс берушінің алдында көрсете алады және жұмыс таба алады.
Егер сіз АБК таңдасаңыз, онда дұрыс таңдау жасадыңыз!

Ергалиева А.К., АБК оқытушысы
 

Последние новости
25.02.21
Онлайн және офлайн кі тур режимінде өтті, біріншісіне қаланың 70-ке жуық оқушысы қатысты. Оның 52-сі колледжге екінші турға шақырылды.
19.02.21
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
12.02.21
Дара оқырман. М.Мақатаев 90-ж  
дү се сә бе жұ се же
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930    
Колледж жаңалықтары
САУАЛНАМА
Сізге таңдаған мамандығыңыз ұнай ма?
Иә, ұнайды
Жоқ ұнамайды
Аздап
Жауап беру қиын
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"