3.04.19 «Мирас» салтанат сарайында колледжімізбен университетіміздің 1,2-курс студент қыздары арасында «Queen of University-2019» сайысы өтті.
Сайыстың10 номинациясы бойынша 12 қыз өз өнерлерін ортаға салды. Сайыста: ұлттық киімде сән көрсету, би билеу, өз өнерін көрсету, сонымен қатар сұраққа жауап номинациялары болды.
Көрермендер ерекше көңілде болды. Жалпы сайысымыздың атмосферасы табиғаттың гүлденуі мен көктемнің жылулығына сай болды десе де болады.
Қорытындылай келе сайысымыздың жеңімпаздары - Нурбаева Айдана «Queen of University-2019», Билора Мухтадова : бірінші Вице-Мисс «Queen of University-2019», Айгерим Елубаева: екінші Вице-Мисс «Queen of University-2019» атағына ие болды.
Қатысушыларымызды құттықтаймыз және көктемдік көңіл күй тілейміз.
ҚАУ жанындағы АБК оқытушысы
Г.М. Мансурова