Колледж жаңалықтары

15 қараша 2017
МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ

Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Менің таңдаған мамандығым – байланысшы болу. Сол себепті мен Алматы байланыс колледжінің «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығына оқуға түстім. Бұл колледжден білікті оқушылардың көмегімен жақсы маман иесі болатыныма сенімдімін.
Қазіргі таңда байланыс саласы адамзаттың басты қажеттілігі болып табылады. Бұл салада жұмыс істейтіндердің міндеті – сапалы ақпарат жеткізу. Бүгінгі күні байланысшы мамандығын таңдауда қателеспегеніме сенімдімін.
Бұл саланың ең басты ерекшелігі –қазіргі заман талабына сай мамандық. ХХI ғасыр –технология ғасыры, оның ішінде ақпарат сипаты тым басым. Қазіргі уақытта біздің өмірімізді ақпаратсыз және байланыс құралдарынсыз елестету мүмкін емес. Жаңа заман талаптары барлық ақпараттардан үздіксіз және жедел түрде хабардар болып отыруды міндеттейді. Мамандық таңдауда ең бір мән беретін қасиет – ол мінез –құлық. Мінез таңдаған салаға үйлессе, жұмыс бабында да үлкен жетістіктерге жетелейтіні анық. Мысалы, байланысшы мамандығына сабырлық, тиянақтылық, әріптестермен татулық, ізденімпаздық сияқты қасиеттер жарасады. Мен өз бойымда осы қасиеттердің барына сенімдімін. Сондықтан осы мамандықты таңдадым.
Менің арманым – қазіргі кезде Қазақстанның гүлденген, бүкіл әлемнің назарын өзіне аударған сәтінде дамыған елдермен қарым – қатынасты одан әрі нығайта түсуде кішкене болса да өз үлесімді қосу. Мен бұл саланы –өмірлік мамандығым деп білемін. Егеменді еліміздің ертеңі – болашақ маман иелері болу өз қолымызда екені даусыз.

17 РЭ және С -609 – 2р тобының студенті
Макенбаев Ерлан
 

 

Последние новости
13.07.20
2020 жылдың 13 шілдесінде бүкіл ел бойынша үнсіздік минуты жарияланды.
28.05.20
ҚР-ның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 16 наурыздан бастап барлық университеттер мен колледждер короновирустық инфекцияға байланысты қашықтықтан білім алуға көшу туралы тапсырмаға қол қой...
28.05.20
Бүгінде колледжде білім алу ұят емес, сондықтан көптеген ата-аналар мен жастар біздің колледжді саналы түрде таңдайды. Біздің колледжге биыл 90 жыл толады, ал мұндай колледждер Қазақстанда өте аз.
дү се сә бе жұ се же
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930    
САУАЛНАМА
Колледждің оқырман залының жұмысын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Орташа
Жауап беру қиын
Қанағаттанарлық
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"