Колледж жаңалықтары

28 қараша 2019
Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғыру талабы

ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінің студенттері ҚАЗБСҚА-да ұйымдастырылған «Латын графикасына көшудің стратегиясы, ұлт болашағы үшін мәні» атты семинар-кеңеске қатысты.


Семинар-кеңесте сөз алған қалалық, аудандық тілдерді дамыту бөлімінің мамандары латын графикасына ауысудың мән-маңызын түсіндірсе, қазақ тілі пәні оқытушылары латын графикасын қабылдау бойынша мемлекетте атқарылған жұмыстарға тоқталды, әліпбидің соңғы нұсқасына енгізілген өзгерістерді атап көрсетті.


Семинар соңында студенттер латын қарпімен шағын диктант жазды. Өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірталас ұйысдастырды. Семинар-кеңестің рухани жаңғыру, ұлттық код сияқты ұғымдарды жете түсінуде студенттерге зор ықпалы болды.

АБК оқытушысы Л.Е.Карменова
 

Последние новости
27.02.20
18-ВТиПО-401-2к тобының студенттері осы аптада саябаққа барып, қыс мезгілінің тамаша сәтін қызықтап, таза ауада қыдырып, сергіп қайтты. Топ кураторы Тунгенбаева Қуаныш Батырбайқызы студенттерді табиға...
27.02.20
Осы аптада ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледж студенттері Тұран университетінің ұйымдастыруымен өткен «Turan Profi Skills -2020» атты кәсіби шеберлік олимпиядасына қатысып келді.
27.02.20
ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінің студенттері химия және биология пәнінің оқытушысы Абдіманапова Гульнар Сарсенбайқызының ұйымдастыруыменен «Олимпис 2019 – Осенняя сессия» Ха...
дү се сә бе жұ се же
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930   
САУАЛНАМА
Колледждің оқырман залының жұмысын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Орташа
Жауап беру қиын
Қанағаттанарлық
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"