Колледж жаңалықтары

15 қараша 2017
КИНО – МЕМЛЕКЕТТІҢ МӘДЕНИЕТ АЙНАСЫ

Алматы байланыс колледжінің сынып жетекшілері Ж.С. Нурахметова мен Д.С. Сыбанбаева 17РЭ және С -609-1к және 17 О және ЭО -904-1к топ студенттерімен «Арман» кино орталығында болды.

Кино – кез келген мемлекеттің мәдениет айнасы іспетті. Ол сол халықтың тұрмыс-салты мен дәстүрін дәріптейтін құрал болып саналады. Біздің елімізде де кино саласына жіті көңіл бөлініп, кеңінен насихатталып келеді. Себебі, кино жай ғана өнер емес, ол қоғамның ұлттық идеологиясын қалыптастыратын үлкен құралдардың бірі болып саналады. Сондықтан да, кез келген мемлекет өз кино индустриясының дамуына зор мүмкіндіктер жасайды.
Әлем бойынша кино индустриясының өте жедел қарқынмен дамып бара жатқаны белгілі. Біздің республикамызда отандық кино туындылардың саны уақыт өткен сайын көбейіп келе жатыр. Шет ел киноларынан кем түспейтін ұлттық кинолар халық тарапынан жылы қабылданып, жоғары бағаға ие болуда. Оның ішінде: «Жаужүрек мың бала», «Көшпенділер», «Менің балалық шағымның аспаны», «Ғашық жүрек», «Шал», «Аңшы бала», «Студент», «Ағайынды» немесе «Адасқандар», «Бiржан сал», «Мұстафа Шоқай» сынды тағы басқа көптеген фильмдер жарық көріп, халықтың қызығушылығын оятып, ел арасында жылы қабылданғаны белгілі.
Оқушылардың ой-өрісін дамыту, жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатымен Алматы байланыс колледжінің сынып жетекшілері Ж.С. Нурахметова мен Д.С. Сыбанбаева 17РЭ және С -609-1к және 17-О және ОЭ - 904 -1к топ студенттерімен «Арман» кино орталығында өтіп жатқан қазақстандық фильмді көруге барды. Студенттер фильмнен жақсы әсер алып, демалып қайтты. Қоғамға пайдалы, өнегелі отандық өнімдердің көбірек болуы жастардың рухани байлығын жетілдіретіні сөзсіз.


АБК оқытушылары:
Глухова Н.В.
Тулеужанова М.Т.
 

 

Последние новости
13.07.20
2020 жылдың 13 шілдесінде бүкіл ел бойынша үнсіздік минуты жарияланды.
28.05.20
ҚР-ның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 16 наурыздан бастап барлық университеттер мен колледждер короновирустық инфекцияға байланысты қашықтықтан білім алуға көшу туралы тапсырмаға қол қой...
28.05.20
Бүгінде колледжде білім алу ұят емес, сондықтан көптеген ата-аналар мен жастар біздің колледжді саналы түрде таңдайды. Біздің колледжге биыл 90 жыл толады, ал мұндай колледждер Қазақстанда өте аз.
дү се сә бе жұ се же
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930    
САУАЛНАМА
Колледждің оқырман залының жұмысын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Орташа
Жауап беру қиын
Қанағаттанарлық
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"