Колледж жаңалықтары

26 наурыз 2018
«Екі жұлдыз – 2018» байқауы өткізілді

Наурыз айының екісі күні, ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінің директор орынбасары А.С. Назарбекова мен АБК оқытушысы Д.К. Жакипбекованың ұйымдастыруымен «Екі жұлдыз – 2018» топаралық сайыс өткізілді. Бұл сайысқа топ жетекшісі мен студенттен құралған сегіз жұп қатысты.
Жалпы конкурс ІІ кезеңнен тұрды. 1-кезең: Екі жұптың кез-келген эстрада жұлдыздарының әнін орындауы, 2-кезең шығармашылық өнерлерін көрсету болды. Бұл конкурс «Nakatika» клубында өткізілді. Бірінші жұп Наталья Владимировна мен Дима әнді айту өзгешілігімен, Ғайни Әбдібайқызы мен Олжас әнді орындау шеберлігімен, Аида Қамзайқызы мен Ақтолқын ретро өлеңді нақышына келтіріп айтумен ерекшеленді.
Мәнерлі де әсем кимылмен музыканың сазына сәйкестендіріп билеген жұптар Айман Кұрманбекқызы мен Ильшат, Жанар Слямғалиқызы мен Анель көрермендердің қошеметіне бөленді. Өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсеткен жұптар Қарлығаш Сәрсенбайқызы мен Шолпан, Дина Қадырқызы мен Әсел конкурс көркін аша түсті.
Әннен ерекше шабыт алған жұп Аита Нұрлыбекқызы мен Данияр гитарасын қолына алып, шырқай жөнелді. Баршамызға музыкадан шабыт сыйлап, жанға рахат беретін бір құдірет күйге түсірді.
Байқау соңында, МОК тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ж.С. Такенова, Кампус КАУ директоры Ш.А. Забих, колледж оқытушылары М.Т. Төлеужанова мен А.Т. Дүмшебаева құралған әділ қазылар алқасы барлық қатысушыларымызды номинациялармен марапаттады.
Сайыс болған соң, жеңімпаз да болады. «Екі жұлдыз – 2018» топаралық өнер байқауының І орын иегерлері Экономика циклінің оқытушысы А.К. Ерғалиева мен шәкірті Ильшат атанды; ІІ орынды –«Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының оқытушысы Ж.С. Нұрахметова мен шәкірті Анель; ІІІ орынды – осы мамандықтың оқытушысы Қ. С. Асанова мен Шолпан иеленді.
«Өнерлі адам - өрге жүзеді», - демекші, өнердің құдіреттері арқылы әрқашан да биік шыңдарды бағындыратынымызға еш күмән жоқ екенін ұмытпайық!

 

«Радиоэлектроника және байланыс»
циклінің оқытушылары
 

Последние новости
27.02.20
18-ВТиПО-401-2к тобының студенттері осы аптада саябаққа барып, қыс мезгілінің тамаша сәтін қызықтап, таза ауада қыдырып, сергіп қайтты. Топ кураторы Тунгенбаева Қуаныш Батырбайқызы студенттерді табиға...
27.02.20
Осы аптада ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледж студенттері Тұран университетінің ұйымдастыруымен өткен «Turan Profi Skills -2020» атты кәсіби шеберлік олимпиядасына қатысып келді.
27.02.20
ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінің студенттері химия және биология пәнінің оқытушысы Абдіманапова Гульнар Сарсенбайқызының ұйымдастыруыменен «Олимпис 2019 – Осенняя сессия» Ха...
дү се сә бе жұ се же
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 
САУАЛНАМА
Өте жақсы оқитын студентке мадақтау қарастырылған ба?
Иә, «Scholarships» стипендиясы бар
Білмеймін
Қарастырылмаған
Жауап беру қиын
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"