Колледж жаңалықтары

18 қаңтар 2019
Дәстүрлі спартакиада

Қаңтар айының 11-і күні ҚАУ жанындағы мектептің спорт базасында «Дүниежүзілік жастар жылына» арналған оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында дәстүрлі спартакиада өтті.
Жарысқа бакалавриат, ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжі, ҚАУ жанындағы мектеп және қызметкерлер командасы қатысты. Ойын бағдарламасына: эстафета ойындары, допты баскетбол кәрзеңкесіне түсіру, дартс, боулинг, жылдам жүгіру ойын түрлері кірді. Жарыстар жоғары деңгейде өтті. Әр ойыннан кейін көшбасшы ауысып отырды. Эстафета ойындарында ҚАУ жанындағы мектеп командасы жеңіске жетсе, бакалавриат командасы баскетбол кәрзеңкесіне дәл түсіру бойынша көзге түсті, колледж командасы «Дартс» ойынында көп ұпай жинап, жеңіс тұғырынан көрінді. Сондай-ақ жылдамдықпен ептілікте оларға тең келетін команда болмады. Ойын барысында колледж командасы көш бастады. Қызметкерлер кегель боулингінде жеңіске жетті. Барлық командалар бір-біріне қолдау көрсетіп, бірлесіп көңілді өткізді.
Ойын қорытындысы бойынша - ҚАУ жанындағы AБК командасы жеңімпаз атанды, ҚАУ жанындағы мектеп екінші орынға ие болды. Үшінші орынды қызметкерлер командасы жеңіп алса, ал төртінші орынды бакалавриаттың командасы қанағат тұтты.
Мисс и Мистер - 2019 жүлдесі бойынша «Қолданбалы ғылымдар» факультетінің ассоц.профессоры - Қашағанова Гүлжан Бақытқызы және ҚАУ жанындағы АБК-ның АӘД оқытушысы - Ақбанов Әбубәкір Қадырұлы иеленді.
Бірақ, барлық командалар жеңімпаз атағына лайық болды және қандай орын алғанына қарамастан достық жеңіске жетті. Зор қайырымдылық және эмоциялық қуат алуға ұмтылу барысында ұйымдастырылған ойын жоғарғы дәрежеде өтті.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!


Дене шынықтыру пәнінің оқытушылары: Яншина Т.А.
Әбдрайымов Ж.Б.
 

Последние новости
28.05.20
ҚР-ның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 16 наурыздан бастап барлық университеттер мен колледждер короновирустық инфекцияға байланысты қашықтықтан білім алуға көшу туралы тапсырмаға қол қой...
28.05.20
Бүгінде колледжде білім алу ұят емес, сондықтан көптеген ата-аналар мен жастар біздің колледжді саналы түрде таңдайды. Біздің колледжге биыл 90 жыл толады, ал мұндай колледждер Қазақстанда өте аз.
28.05.20
Күн сайын мыңдаған медицина қызметкерлері COVID-19 жұқтырған адамдарды емдеу үшін өз өмірлерін қатерге тігеді. Жақында олар күтпеген қолдау алды.  
дү се сә бе жұ се же
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
САУАЛНАМА
Өте жақсы оқитын студентке мадақтау қарастырылған ба?
Иә, «Scholarships» стипендиясы бар
Білмеймін
Қарастырылмаған
Жауап беру қиын
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"