Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қазақ - Америка университетінде жыл сайын өтілетін спорттық сайыс биылғы жылы да өз жалғасын тапты. Дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес, ересектердің де күш – қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдайды.
10 қаңтарда ҚАУ жанындағы мектептің спорткешенінде ҚАУ оқытушылары мен қызметкерлерінің арасында Спартакиада өтті. Сайысқа ҚАУ, ҚАУ жанындағы АБК және ҚАУ жанындағы мектеп болып үш топ қатысты. Сайыс барысында әр топтың топ басшылары тағайындалып, топ ұрандары айтылып, түрлі эстафеталық ойындармен жалғасты. Бұл сайыста ҚАУ жанындағы АБК тобы барынша өз өнерлерін көрсетіп, екінші орынды иеленді. Жаңа оқу жылының алдында бұл сайыс оқытушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайтып, ептіліктерін, шапшаңдықтарын арттырды деген үміттеміз.
ҚАУ жанындағы АБК оқытушысы,
Р.Н.Аширбекова