Колледж жаңалықтары

28 мамыр 2020
COVID-19-бен күресуге арналған роботтар

Күн сайын мыңдаған медицина қызметкерлері COVID-19 жұқтырған адамдарды емдеу үшін өз өмірлерін қатерге тігеді. Жақында олар күтпеген қолдау алды.
Сіз әлемнің көптеген ауруханаларында көмек көрсету үшін қолданылатын роботты хирургтар туралы естіген шығарсыз. Алайда жаңа коронавируспен күресетін машиналар олардан өзгеше, олар бірден бірнеше түрлі функцияларды орындай алады. Нарыққа бірінші болып қытайлық CloudMinds компаниясы жасаған 5G Cloud Robots модельдері шықты. Олар Ухандағы бірнеше ауруханаларда қолданылды.


Компания мамандары, алдымен роботтарды күнделікті адамның температурасын өлшеу үшін қолданылғанын айтты. Кіріктірілген 5G жүйесімен олар медициналық қызметкерлерге интернет желісі арқылы ауру белгілері бар кез-келген пациенттер туралы ескертті. Ақылды машиналар бөлмелерді дезинфекциялау үшін де қолданылды, атап айтқанда олар еденді сыпырып, дезинфекциялық затты бүркеді. Олар сонымен қатар науқастарға тамақ, сусындар мен дәрі-дәрмектерді жеткізді.
COVID жұқтырған пациенттері бар мекемелерде кеңінен қолданылатын тағы бір робот LightStrike Germ - Zapping роботы деп аталады, оны американдық Xenex компаниясы жасаған.
Коронавируспен күресіп жатқан роботтар:
«XR-1» - бұл гуманоидты роботтар ақылды, медициналық көмекші ретінде ауруханаға жатқызу, ақпарат беру, жаттығу, емтихан және кеңес алу үшін қолданылады. Олар билей алады, сол арқылы карантиндегі адамдардың көңіл-күйін жақсартады.
«Rhyno Protect Sanitizing роботы - бұл жоғары қысымды саңылауларға қосылған 50л сыйымдылықты пайдаланып кез-келген бетті қашықтан дезинфекциялауға мүмкіндік беретін модельді робот платформасы болып табылады», - дейді Shark Robotics компаниясының халықпен байланыс жөніндегі директоры Манон Верменуз.
Рязань аймағында Aurora Robotics компаниясының мамандары COVID-19 коронавирустық пандемиямен күрес тұрғысынан өте маңызды, адамның араласуынсыз жұқтырған бөлмелерді залалсыздандыруға қабілетті «Юниор Дезинфектор 2020» роботын жасады.

Бектас О.Т., АБК оқытушысы
 

Последние новости
25.02.21
Онлайн және офлайн кі тур режимінде өтті, біріншісіне қаланың 70-ке жуық оқушысы қатысты. Оның 52-сі колледжге екінші турға шақырылды.
19.02.21
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
12.02.21
Дара оқырман. М.Мақатаев 90-ж  
дү се сә бе жұ се же
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031     
Колледж жаңалықтары
САУАЛНАМА
Колледждің спорт секциясын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Орташа
Жауап беру қиын
Қанағаттанарлық
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"