Колледж жаңалықтары

4 ақпан 2019
Бірінші көмек көрсету

Казақ Америка Университетінде «Қызыл Жарты ай» тренинг өткізілді. Алматы байланыс колледжінің оқытушылары осы тренингке қатысты. Қызыл Жарты ай - бұл бірегей интерактивті курс, оның барысында тыңдаушылар нұсқаушылардың басшылығымен қажетті теориялық дайындықтан басқа қазіргі заманғы манекендерді қолдана отырып, түрлі жағдайлардағы іс-қимыл алгоритмдерін пысықтайды.


Тренингте оқытушыларға зардап шеккен адамдарға алғашқы көмек көрсету үйретілді.
Халыққа алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйрету бүкіл әлемде Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық қозғалысы қызметінің дәстүрлі түрі болып табылады. Тарихтың бір жарым ғасырында бүкіл әлем бойынша жүздеген миллион еріктілер дүлей зілзалалар, қарулы қақтығыстар және адамдардың өміріне қауіп төндіретін басқа да жағдайларда адамдардың өмірін құтқарады. Алғашқы көмек көрсету дағдылары өте маңызды, себебі қауіпті оқиғадан кейінгі алғашқы минуттарда зардап шеккен адамның өмірі мен денсаулығының тағдыры шешіледі.


"Алғашқы көмек" дағдыларын меңгеру - кәсібіне қарамастан өзін құрметтейтін әрбір адамның парызы.


«Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының оқытушылары


 

Последние новости
28.05.20
ҚР-ның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 16 наурыздан бастап барлық университеттер мен колледждер короновирустық инфекцияға байланысты қашықтықтан білім алуға көшу туралы тапсырмаға қол қой...
28.05.20
Бүгінде колледжде білім алу ұят емес, сондықтан көптеген ата-аналар мен жастар біздің колледжді саналы түрде таңдайды. Біздің колледжге биыл 90 жыл толады, ал мұндай колледждер Қазақстанда өте аз.
28.05.20
Күн сайын мыңдаған медицина қызметкерлері COVID-19 жұқтырған адамдарды емдеу үшін өз өмірлерін қатерге тігеді. Жақында олар күтпеген қолдау алды.  
дү се сә бе жұ се же
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
САУАЛНАМА
Колледждің аудиториядан тыс іс-шараларын қалай бағалайсыз?
Колледждің аудиториядан тыс іс-шараларын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Орташа
Жауап беру қиын
Қанағаттанарлық
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"