Колледж жаңалықтары

11 сәуір 2018
Болашақ мамандықты дұрыс таңдау маңызды!

Кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу мақсатында Қазақ-Америка Университеті жанындағы Алматы байланыс колледжінің оқытушылары Рахымжанов Р.Р., Рахимкужаева Ә.Р., Нұрахметова Ж.С. Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке селосындағы № 12 орта мектеп пен № 28 мектеп-гимназиясының 9 және 11 сыныптарының түлектерімен кездесті.
Олар болашақ талапкерлерге Алматы байланыс колледжіндегі алатын мамандықтар, арнайы аудиториялар мен зертханалар, жоғары кәсіби білімі бар оқытушылар құрамы, 2018 жылы колледжге түсу шарттары мен ережелері, колледждің материалдық-техникалық базасы туралы әңгімеледі.
Колледжде жеке тұлғаның жан-жақты дамуына барлық мүмкіндіктер барын оқытушылар атап айтты. Сонымен қатар байланыс саласындағы техникалық маман кадрларға еліміз тапшы екенін айта отыра, бұл мамандық болашақ үлкен өмірге жол ашатын мүмкіндік екенін түсіндірді.
Оқытушылар мектеп оқушыларын колледждің қоғамдық, ғылыми және шығармашылық өмірімен таныстырып, үлгілі оқитын студенттер үшін «Scholarships» арнайы стипендия бар екенін айтты. Болашақ мамандықты дұрыс таңдау маңызды екеніне ерекше көңіл бөлінді.
Оқу барысында, болашақ мамандар алған теориялық білімін өндіріс орындарында практиканы өту арқылы сынайтыны да айтылды.
Балалар оқуға түсер кезінде емтихан тапсыратын пәндер туралы ақпарат алды. Олардың қойған барлық сұрақтарына оқытушылар нақты да, толық жауап берді.
Кездесудің соңында оқытушылар балаларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауларын айта келе, келесі кездесу Алматы байланыс колледжінің қабырғасында болатынына үміт артты.
 

 

Последние новости
27.02.20
18-ВТиПО-401-2к тобының студенттері осы аптада саябаққа барып, қыс мезгілінің тамаша сәтін қызықтап, таза ауада қыдырып, сергіп қайтты. Топ кураторы Тунгенбаева Қуаныш Батырбайқызы студенттерді табиға...
27.02.20
Осы аптада ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледж студенттері Тұран университетінің ұйымдастыруымен өткен «Turan Profi Skills -2020» атты кәсіби шеберлік олимпиядасына қатысып келді.
27.02.20
ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінің студенттері химия және биология пәнінің оқытушысы Абдіманапова Гульнар Сарсенбайқызының ұйымдастыруыменен «Олимпис 2019 – Осенняя сессия» Ха...
дү се сә бе жұ се же
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
242526272829 
САУАЛНАМА
Колледждің аудиториядан тыс іс-шараларын қалай бағалайсыз?
Колледждің аудиториядан тыс іс-шараларын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Орташа
Жауап беру қиын
Қанағаттанарлық
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"