Табиғат аясындағы белсенді демалыс адам баласының денсаулығына ғана орасан зор пайдасын тигізіп қоймай, сондай-ақ жан-дүниесіне әсерін тигізетіні анық. ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінің тәрбие жұмысының басты бағыттарының бірі – білім алушыларға салауатты өмір салтын насихаттау. Колледж кураторлары өз тобының студенттерімен қаладағы түрлі демалыс орындарына, саябақтарға, қала аумағындағы көрікті жерлерге саяхат жасауды дәстүрге айналдырған.
Қараша айының 2-ші жұлдызында 17-ОиЭО-901-3к-1 тобының студенттері кураторларымен Алғабас елді мекеніндегі ұлттық дәстүрге сай демалыс орнында болып қайтты. Студенттер қымыз ішіп, ет жеді, ұлттық ойындарды ойнады, атқа мініп, серуендеді.
Әсем табиғат, саф ауа, тау бөктері, қазақи ауыл, киіз үй, ұлттық тағамдарға толы дастархан көтеріңкі көңіл-күй ғана сыйлап қоймай, бойға қуат беріп, шабыттандырғандай. Демалыстан алған әсер керемет болды.
АБК оқытушысы Л.Е.Карменова