Колледж жаңалықтары

4 ақпан 2019
Қазақстандағы қыздар арасындағы бокс чемпионаты

Мен, Ержанқызы Еркенұр, Қазақ-Америка университетінің жанындағы Алматы байланыс колледжінде 18 РЭ и С – 609 – 1р тобында оқимын. Бокспен айналысқаныма 3 жыл болды, қазіргі кезде Алматы қаласындағы қыздар арасындағы бокс құрамасының мүшесімін.


Қазақстанда қыздар арасындағы бокс жақсы дамып келеді. 2018 жылдың желтоксан айында 16-17 жастағы қыздар арасында өткізілген жасөспірімдік чемпионатқа қатысып, 2-орынға ие болдым. Ақтық сынға өте мықтылар шығып, чемпиондық атаққа таласты. Алдағы уақытта жастар арасындағы әлем және Азия чемпионаттарында, Аргентинадағы Олимпиада ойындарында өнер көрсететін боламыз.


Финалдық кездесу өте қиын өтті. Алайда мен осыған арнайы дайындалып, жақсы нәтиже көрсете білдім деп ойлаймын. Осының бәрі апкерлерімнің арқасы. Оларға және ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Ендігі арманым – Олимпиада ойындарына қатысу және жеңіске жету.
 

Ержанқызы Еркенур

Последние новости
28.05.20
ҚР-ның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 16 наурыздан бастап барлық университеттер мен колледждер короновирустық инфекцияға байланысты қашықтықтан білім алуға көшу туралы тапсырмаға қол қой...
28.05.20
Бүгінде колледжде білім алу ұят емес, сондықтан көптеген ата-аналар мен жастар біздің колледжді саналы түрде таңдайды. Біздің колледжге биыл 90 жыл толады, ал мұндай колледждер Қазақстанда өте аз.
28.05.20
Күн сайын мыңдаған медицина қызметкерлері COVID-19 жұқтырған адамдарды емдеу үшін өз өмірлерін қатерге тігеді. Жақында олар күтпеген қолдау алды.  
дү се сә бе жұ се же
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
САУАЛНАМА
Сізге таңдаған мамандығыңыз ұнай ма?
Иә, ұнайды
Жоқ ұнамайды
Аздап
Жауап беру қиын
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"