Колледж жаңалықтары

28 қараша 2019
Ақынмен кездесу кешінде

15 қараша күні ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінің студенттері ҚАЗБСҚА кітапханасында жастар жылы аясында ұйымдастырылған ақын, драматург, сазгер, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, «Тарлан» сыйлығының иегері Исраил Сапарбаймен кездесуге қатысып қайтты.


Исраил Сапарбай – қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік орны бар, шоқтығы биік тұлға. Ақын поэзиясы сыршыл лирикасымен оқырмандарын тәнті еткені белгілі.


Кездесу барысында ақынның өмірбаяны туралы қысқаша бейнебаян көрсетілді. Колледж студенттері ақын өлеңдерін жатқа оқыды, әндерін шырқады. Сонымен қатар қаламгер шығармашылығы бойынша қызықтырған сұрақтарын қойды. Ақын жекелеген туындыларының шығу тарихына тоқталды, қазақтың біртуар тұлғалары туралы естеліктерін әңгімелеп берді.
Кездесудің студенттерге рухани тәрбие беруде әсері зор болды.

АБК оқытушысы Л.Е.Карменова
 

Последние новости
27.02.20
18-ВТиПО-401-2к тобының студенттері осы аптада саябаққа барып, қыс мезгілінің тамаша сәтін қызықтап, таза ауада қыдырып, сергіп қайтты. Топ кураторы Тунгенбаева Қуаныш Батырбайқызы студенттерді табиға...
27.02.20
Осы аптада ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледж студенттері Тұран университетінің ұйымдастыруымен өткен «Turan Profi Skills -2020» атты кәсіби шеберлік олимпиядасына қатысып келді.
27.02.20
ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінің студенттері химия және биология пәнінің оқытушысы Абдіманапова Гульнар Сарсенбайқызының ұйымдастыруыменен «Олимпис 2019 – Осенняя сессия» Ха...
дү се сә бе жұ се же
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930   
САУАЛНАМА
Колледждің спорт секциясын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Орташа
Жауап беру қиын
Қанағаттанарлық
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"