2019/2020 оқу жылында ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінің 3-курс студенттері өздерінің өндірістік технологиялық тәжірибесін бастап кетті. Студенттерге Өндірістік практика тәжірибелік жұмыстарды үйрену мен дағдылану, оқу барысындағы озық тәжірибелері мен білімдерін меңгеру мақсатында жүргізіледі. Жыл сайын колледжімізден өндірістік тәжірибеге жүзден аса студенттереіміз шығып жатады.
«Радиоэлектроника және байланыс» және Оптикалық электронды жабдықтар мамандықтары бойынша 154 студент, ал аудармашы мамандығы бойынша 24 студент, бағдарламашы мамандығынан 24 студент өздерінің өндірістік практикаларына жол тартты. Олар «Қазахтелеком» аймақтық телекоммуникация департаментінде, «Казтелерадио», «Базистелеком» Транстелеком сияқты компанияларда тәжірибеден өтеді. Қазақстанның Атырау, Талды-Қорған, Тараз, Жаркент, Шымкент сияқты ірі қалаларына жолдама алды.
Тәжірибе өткен уақытта студенттер колледжде алған білімдерін толықтырады, олар жүйеде пайдаланатын жабдықтарға қызмет көрсетуді жүзеге асырады. Студенттерімізге өндірістік тәжірибелерін ойдағыдай жоғарғы деңгейде өтулеріне тілектеспіз !
ҚАУ жанындағы АБК оқытушысы,
Сыбанбаева Д.К.