Колледж жаңалықтары

19 қазан 2017
Алматы байланыс колледжі – тұлғаны қалыптастыру мектебі!

Алматы байланыс колледжі байланыс саласында түрлі мамандықты таңдаған жастарды жаңа оқу жылында есігін айқара ашып, оқытушылары құшақтарын жая қарсы алды. Колледж –жасөспірімдердің тек білім алатын ордасы ғана емес. Колледж – адам өмірінің басты бөлігі өтіп жатқан ұжым. Студенттік өмір бірінші курстан басталады. Сондықтан кез келген оқу орнының басты педагогикалық міндеті – бірінші курс студенттерін колледж өміріне, колледжде оқуға бейімдеу. Бұл студенттің адам және болашақ маман ретінде даму кепілі.
Алматы байланыс колледжінде соған байланысты көптеген іс-шараларға көңіл бөлінеді: колледжбен танысу, шығармашылық қызығушылығын анықтау үшін анкета жүргізу, сабаққа қатысуы мен үлгерімін қадағалау, уставпен, колледж өмірімен, кураторлармен танысып, топ белсенділерін сайлау, студенттермен, ата-аналармен жеке жұмыс істеу, студенттердің жеке ісімен танысу, бірінші курсты студенттер қатарына қабылдау.
Оқу жылының басталғанына да көп уақыт болған жоқ. Оқу жылы басталғалы бері барлық оқу топтарында түрлі тақырыптық куратор сағаттары өткізілді. Колледж деңгейінде «Қарттар күні», «Ұстаздар күні», «Байланыс күні», «Қазақстан халықтарының тілдер күні».
Жақында бірінші курс студенттерінің көптен күткен студент қатарына қабылдау рәсімі «Накатика» түнгі клубында өткізілді. Дәстүр бойынша студенттерді колледж директоры Ғ.Ә.Айғараева құттықтап, оларға сүйікті Альма-Матердің белгішесін тапсырды. Бірінші курс студенттері би, өлең айту сияқты түрлі сайысқа қатысу арқылы студенттік бауырластықтың мүшесі болу құқына ие болу үшін күресті.
Уақыттың қалай зымырап өткенін байқамай да қалған студенттер бүгінгі күні аралық бақылау – М1 тапсыру үстінде. Өткен екі айдың ішінде бірінші курс студенттері оқудың кредиттік жүйесін игергенін оқу үлгерімімен дәлелдеуде.
 

 

Рахимкужаева А.Р.

АБК оқытушысы
 

 

 

 

Последние новости
28.05.20
ҚР-ның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 16 наурыздан бастап барлық университеттер мен колледждер короновирустық инфекцияға байланысты қашықтықтан білім алуға көшу туралы тапсырмаға қол қой...
28.05.20
Бүгінде колледжде білім алу ұят емес, сондықтан көптеген ата-аналар мен жастар біздің колледжді саналы түрде таңдайды. Біздің колледжге биыл 90 жыл толады, ал мұндай колледждер Қазақстанда өте аз.
28.05.20
Күн сайын мыңдаған медицина қызметкерлері COVID-19 жұқтырған адамдарды емдеу үшін өз өмірлерін қатерге тігеді. Жақында олар күтпеген қолдау алды.  
дү се сә бе жұ се же
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
САУАЛНАМА
Сізге таңдаған мамандығыңыз ұнай ма?
Иә, ұнайды
Жоқ ұнамайды
Аздап
Жауап беру қиын
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"