20 маусым 2019
Алма-Арасан тау бөктеріндегі мәдени демалыс
Маусым айының 17 жұлдызында ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінің студенттері жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі жазғы пикникке барып, демалып қайтты. Демалыс Алматының ең көрікті жерлерінің бірі болып есептелетін Алма-Арасан тау бөктерінде өтті. Аталмыш шараның мақсаты – оқу жылының аяқталуына байланысты жыл бойы колледжде үздік білімімен, сондай-ақ қоғамдық белсенділігімен ерекшеленген студенттерді табиғат аясына қыдырту, серуендету.
Жайдары жазда, табиғат төсінде серуен құрып, жақын адамдармен бас қосқан қандай ғанибет! Әсем табиғат аясында дастархан жайылып, әндер орындалып, түрлі спорттық ойындар ойнатылды. Студенттер тауға шығып, күш-қуат алып, көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне оралды.
Последние новости
13.07.20
2020 жылдың 13 шілдесінде бүкіл ел бойынша үнсіздік минуты жарияланды.