Колледж жаңалықтары

25 қаңтар 2018
Ақ-Бұлақтағы АБК демалысы

Қысқы каникулда АБК ұжымы Ақ-Бұлақ демалыс орнына бардық. Сол күні қалада 13 градус суық болды. Автобуста ән шырқап, әзілдесіп барғанша курортқа баратын бір жарым сағаттық жол тез өте шықты. Барған кезде табиғаттың кереметіне таң қалдық. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді.
Кейбіріміз Тянь-Шань шыршаларының арасындағы ашық алаңқайда шаңғымен сырғанауды таңдады. Кейбірі конькимен сырғанауды таңдады. Конькимен сырғанау жабық ғимаратта болды. Ал қалғандары сноутюббинг – баллонмен сырғанауды таңдады. Бұл трасса қиялды пируэттері мен күрт бүктемелері және жылдамдығымен қызықтырды. Жылдамдығы қатты болғаны сонша, қуанышты айқайларымыз бен күлкімізді тыя алмадық. Арқан жолмен курорттың шыңына барып тамақтанып алдық. Таза ауада тәбетің қатты ашады екен.
Бұл естен кетпес демалыс болды! Қыстың ғажайып ұмтылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«Радиоэлектроника және байланыс» циклінің оқытушылары

РЭжБ циклы оқытушылары
 

Последние новости
13.07.20
2020 жылдың 13 шілдесінде бүкіл ел бойынша үнсіздік минуты жарияланды.
28.05.20
ҚР-ның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 16 наурыздан бастап барлық университеттер мен колледждер короновирустық инфекцияға байланысты қашықтықтан білім алуға көшу туралы тапсырмаға қол қой...
28.05.20
Бүгінде колледжде білім алу ұят емес, сондықтан көптеген ата-аналар мен жастар біздің колледжді саналы түрде таңдайды. Біздің колледжге биыл 90 жыл толады, ал мұндай колледждер Қазақстанда өте аз.
дү се сә бе жұ се же
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930    
САУАЛНАМА
Сізге таңдаған мамандығыңыз ұнай ма?
Иә, ұнайды
Жоқ ұнамайды
Аздап
Жауап беру қиын
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"