Колледж жаңалықтары

18 қаңтар 2019
Студенттердің өндірістік-технологиялық тәжірибесі

14 қаңтар 2019ж. Қазақ-Америка Университеті жанындағы Алматы байланыс колледжінің 3-курс студенттерінде өндірістік технологиялық тәжірибесі басталып кетті. Өндірістік практикасы тәжірибелік жұмыстарды үйрену мен дағдылану, студенттердің оқу барысындағы озық тәжірибелері мен білімдерін меңгеру мақсатында жүргізіледі. Студенттер тәжірибе өту барысында жаңа технологиялардың жұмыс істеу принциптерімен танысады, өндірісте қолданылатын қондырғылармен жұмыс істейді.
Биылғы жылы өндірістік тәжірибеге 186 студент шықты. Олар мынандай мекемелерде тәжірибе өтуде: «Қазахтелеком» аймақтық телекоммуникация департаментінде 108 студент, «Казтелерадио» АҚ, 5 студент, сонымен қатар 52 студент Қазақстанның басқа ірі қалаларында: Атырау, Талды-Қорған, Тараз, Жаркент, Шымкент және т.б.
Өндірістік тәжірибеге шыққан студенттер берілген тапсырма бойынша баяндама ,макет дайындайды, күнделік толтырады. Тәжірибе өткен уақытта студенттер колледжде алған қағидалы білімдерін толықтырады, олар жүйеде пайдаланатын жабдықтарға қызмет көрсетуді жүзеге асырады, байланыс өндірісінде әртүрлі өлшеуді және қосуды үйренеді. Байланыс желілерінде қызмет көрсететін мамандар алдындағы мақсаттарды оқушыларға тәжірибе жүзінде көрсетіп, қойған сұрақтарына толығымен жауап береді.



 

ОиЭО оқытушылары
 

Последние новости
28.05.20
ҚР-ның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 16 наурыздан бастап барлық университеттер мен колледждер короновирустық инфекцияға байланысты қашықтықтан білім алуға көшу туралы тапсырмаға қол қой...
28.05.20
Бүгінде колледжде білім алу ұят емес, сондықтан көптеген ата-аналар мен жастар біздің колледжді саналы түрде таңдайды. Біздің колледжге биыл 90 жыл толады, ал мұндай колледждер Қазақстанда өте аз.
28.05.20
Күн сайын мыңдаған медицина қызметкерлері COVID-19 жұқтырған адамдарды емдеу үшін өз өмірлерін қатерге тігеді. Жақында олар күтпеген қолдау алды.  
дү се сә бе жұ се же
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
САУАЛНАМА
Колледждің оқырман залының жұмысын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Орташа
Жауап беру қиын
Қанағаттанарлық
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"