Колледж жаңалықтары

14 желтоқсан 2018
Болашақ байланыстан басталады

2018 жылдың желтоксан айының 10 - 14 күндері аралығында ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінде «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы бойынша «Болашақ мамандық» атты кәсіби мамандық тағайындауға арналған сайыс өтті.
Сайыста «Тапқыр ой», «Телекоммуникациялық жаңа технологияның ең үздік көрсетілімі», «Ойлан да тап» және «Кәсіптік шеберлік» номинациялары қарастырылды.
Колледж әкімшілігімен сайысқа арнайы шақырылған «Алматытелеком» мекемесінің бірінші санатты инженері Табынбаев Нурбол Рахимович сайыстың төрағасы болды. Студенттер сайыстың әрбір кезеңіне белсене қатысып, жақсы білім деңгейлерін көрсете білді.
Әділ қазылар алқасы алдында кәсіби біліктілігін көрсетіп, практикалық тапсырманы мүлтіксіз орындап алға шыққан үздік студенттерге 4 - разряд тағайындалды. Мыңнан тұлпар болып алға озып шығу әрине оңай емес! Бірақ бұл сайыстағы ең басты жеңіс студенттердің білім деңгейін арттырып, кәсіби шеберлігін шыңдау болып табылады.
Сайыстың соңында колледж директоры Салпеков Ә.С. болашақ мамандық иелеріне табыс пен сәттілік тіледі.

 

«Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының оқытушылары:
Тулеужанова М.Т. Нурахметова Ж.С.
 

Последние новости
28.05.20
ҚР-ның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 16 наурыздан бастап барлық университеттер мен колледждер короновирустық инфекцияға байланысты қашықтықтан білім алуға көшу туралы тапсырмаға қол қой...
28.05.20
Бүгінде колледжде білім алу ұят емес, сондықтан көптеген ата-аналар мен жастар біздің колледжді саналы түрде таңдайды. Біздің колледжге биыл 90 жыл толады, ал мұндай колледждер Қазақстанда өте аз.
28.05.20
Күн сайын мыңдаған медицина қызметкерлері COVID-19 жұқтырған адамдарды емдеу үшін өз өмірлерін қатерге тігеді. Жақында олар күтпеген қолдау алды.  
дү се сә бе жұ се же
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
САУАЛНАМА
Өте жақсы оқитын студентке мадақтау қарастырылған ба?
Иә, «Scholarships» стипендиясы бар
Білмеймін
Қарастырылмаған
Жауап беру қиын
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"