Колледж жаңалықтары

3 қазан 2018
Тіл мәртебесі – ел мәртебесі

Жыл сайын 22 қыркүйекте біздің елімізде Тілдер мерекесі атап өтіледі. ҚАУ жанындағы Алматы байланыс колледжінде де осы Тілдер күніне орай дәстүрге айналған мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылады.
Сайысқа колледждің 1,2-курс студенттері арасынан 27 студент қатысып, Тіл, Отан, Туған жер тақырыбына қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жатқа көркем түрде өлеңдер оқып, бақ сынасты. Сондай-ақ сайыс барысында ақындық қырларын танытып, өздерінің тырнақалды туындыларын көпшілік қауымға ұсынған студенттер - Рахым Муслим, Мекебаев Әділет, Тарпан Дилназ өнерлерін паш етті. Әсем әндер шырқалып, ұлт тілдеріне құрмет көрсетілді.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші курс студенттері Турмагамбетова Жамиля (ағылшын тілінде) және Тарпан Дилназ (қазақ тілінде) 3-ші дәрежелі Диплом иегері атанса, екінші курс студенті Абдулова Диана (қазақ және ағылшын тілінде) және бірінші курс студенті Алибек Арайлым (қазақ тілінде) екінші орынды бөлісті.
Бірінші курс студенттері Ізгілік Бекдайыр (қазақ тілінде) және Игликова Камилла (орыс және ағылшын тілдерінде) жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар дипломмен және сыйлықтармен марапатталды. Құттықтаймыз!
 

Последние новости
28.05.20
ҚР-ның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 16 наурыздан бастап барлық университеттер мен колледждер короновирустық инфекцияға байланысты қашықтықтан білім алуға көшу туралы тапсырмаға қол қой...
28.05.20
Бүгінде колледжде білім алу ұят емес, сондықтан көптеген ата-аналар мен жастар біздің колледжді саналы түрде таңдайды. Біздің колледжге биыл 90 жыл толады, ал мұндай колледждер Қазақстанда өте аз.
28.05.20
Күн сайын мыңдаған медицина қызметкерлері COVID-19 жұқтырған адамдарды емдеу үшін өз өмірлерін қатерге тігеді. Жақында олар күтпеген қолдау алды.  
дү се сә бе жұ се же
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
САУАЛНАМА
Сізге таңдаған мамандығыңыз ұнай ма?
Иә, ұнайды
Жоқ ұнамайды
Аздап
Жауап беру қиын
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"