Колледж жаңалықтары

15 наурыз 2018
Өндірістік тәжірибе қорытындысы

Қазақ-Америка Университеті жанындағы Алматы байланыс колледжінің студенттері оқу үрдісінің кестесіне сай (академиялық күнтізбе) 08.01-23.02.2018ж. аралығында өндірістік тәжірибеден сәтті өтіп келді. «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы бойынша 96 студент Қазақстаннның әр аймақтарында болып, тәжірибе жинап, білімдерін тереңдетіп келді.
Өндірістік тәжірибені аяқтаған студент оқу кезінде алған білімдерін жүйелеп, жинақтап, негізгі нәтижелерін анықтай және талдай алады, байланыс саласындағы негізгі қондырғы-аспаптармен жұмыс істеуге дағдыланады, кәсіби салада белгілі бір жетістікке қол жеткізуге қажетті кәсіби құзыреттегі білімдер алады.
26 және 28 ақпан аралығында өндірістік тәжірибе нәтижесін, бекітілген кесте бойынша есеп беру науқаны өтті. Бітіруші курс студенттері берілген тапсырма бойынша, сонымен қатар өндірісте атқарған қызметіне байланысты есеп беруді дайындап, қорғады. Колледж студенттері өндірістік тәжірибеде алған білімдерін мақсатты тереңдетіп, оқып жатқан мамандығы бойынша қажетті білім, білік, дағдыға үйренеді. Тек тәжірибеден өту арқылы ғана келешек маманның кәсіби шеберлігі барлық деңгейде артып, сол арқылы өмірлік тәжірибеге ие болуға мүмкіндік береді.
Өндірістік тәжірибені қорғау барысында студенттің есеп беруді дайындауы, жеке тапсырманы орындауы, атқырған қызметтерін сауатты, толық жеткізуі, күнделіктің толуы, бағаланды. Студенттердің көбі өндірістік тәжірибе нәтижесін ойдағыдай қорғады. Енді бір семестр білімдерін толықтап, білікті, заманауи талаптарға сай, сауатты маман болады деп сенеміз.

 


ОжЭЖ цикл оқытушылары
 

Последние новости
13.07.20
2020 жылдың 13 шілдесінде бүкіл ел бойынша үнсіздік минуты жарияланды.
28.05.20
ҚР-ның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 16 наурыздан бастап барлық университеттер мен колледждер короновирустық инфекцияға байланысты қашықтықтан білім алуға көшу туралы тапсырмаға қол қой...
28.05.20
Бүгінде колледжде білім алу ұят емес, сондықтан көптеген ата-аналар мен жастар біздің колледжді саналы түрде таңдайды. Біздің колледжге биыл 90 жыл толады, ал мұндай колледждер Қазақстанда өте аз.
дү се сә бе жұ се же
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
САУАЛНАМА
Колледждің спорт секциясын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Орташа
Жауап беру қиын
Қанағаттанарлық
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"