Колледж жаңалықтары

13 ақпан 2018
Құқық және мораль

05.01.18 жылы 17 РЭ және С-609 -1 р тобында  «Құқық және мораль» тақырыбына сынып сағаты өтті.

Оның мақсаты AБК түлектерінің азаматтық позициясын, құқықтық және моральдық мәдениетін қалыптастыру, заңды үнемі орындап, заңға қайшы іс-әрекеттер жасамауға және құрметтеуге тәрбиелеу, студенттер бойына жауапкершілік принципін дарыту.
Мораль адам қоғамының пайда болуымен бірге қалыптасты. Қоғам әрқашан өз мүшесіне белгілі талаптар қояды. Мораль немесе адамгершілік туралы ілімді әдеп (этика) дейді. Ол моральдық нормалардың шығу тегін, мәнін және қолданылу тетіктерін зерттейді, оларды түсіндіреді, адамның қылығын адамгершілік талаптар тұрғысынан бағалау өлшемдерін анықтап береді.
Қоғамдық өмірде және тұрмыста адамдар арасындағы қатынастар ғасырлар бойы қалыптасқан моральдық нормалар арқылы реттеліп келеді. Моралдық нормалар адамдардың бір-біріне және қоғамға қатынасын білдіруімен бірге олардың адамгершілік сезімін, арын, намысын, ұжданын айқындайды, адамның әрекетін ретке салады. Адамгершілік — әдептің негізгі мәселесі. Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген ұлағатты азамат болып шығу.
Моральдың негізгі атқаратын функциясы – адам мен адам және адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу, осыны өзгелерге үлгі етіп, келесі ұрпаққа тәжірибе етіп жеткізу.

«Радиоэлектроника және байланыс»
цикл оқытушылары

 

Последние новости
28.05.20
ҚР-ның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 16 наурыздан бастап барлық университеттер мен колледждер короновирустық инфекцияға байланысты қашықтықтан білім алуға көшу туралы тапсырмаға қол қой...
28.05.20
Бүгінде колледжде білім алу ұят емес, сондықтан көптеген ата-аналар мен жастар біздің колледжді саналы түрде таңдайды. Біздің колледжге биыл 90 жыл толады, ал мұндай колледждер Қазақстанда өте аз.
28.05.20
Күн сайын мыңдаған медицина қызметкерлері COVID-19 жұқтырған адамдарды емдеу үшін өз өмірлерін қатерге тігеді. Жақында олар күтпеген қолдау алды.  
дү се сә бе жұ се же
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  
САУАЛНАМА
Өте жақсы оқитын студентке мадақтау қарастырылған ба?
Иә, «Scholarships» стипендиясы бар
Білмеймін
Қарастырылмаған
Жауап беру қиын
Барлық дауыс
Жіберу
+7 (727) 220-80-13
Байланыс ақпараттары
Создание сайта –
Интернет-агентство "Пантера"