Қазіргі нарық заманын әрбір білім ордасының алдына өте қиын талап қойып отыр. Нарық сұранысына сай бүгінгі студент, ертеңгі білікті маман болып шығуы тиіс. Алматы байланыс колледжі 83 жылдан астам уақыт бойы білім беруде жинақтаған  біліктілігі мен тәжірибесінің негізінде жүзден астам экономистерді әр салаға қанат қақтырды. Олар өз білімдерін шыңдай жүре, қазіргі кезеңде белгілі компаниялардың бас қызметкерлері. Қазіргі оқып жүрген студенттер колледжден кейін ҚАУ-інде бакалавриатта оқып, 3 жылда жоғары білім алып шығады. Экономика саласы бойынша әр түрлі конкурстар мен олимпиада, конференцияларға қатысып, өз көзқарастарын ортаға салады. Осындай әрекеттерінің негізінде біздің кейбір түлектеріміз Прагада, Москвада, Малайзияда білімдерін жетілдіріп, мамандықтары бойынша қызмет атқарып жүргендері де баршылық.  Колледждің берген терең білімнің негізінде колледжді бітіре сала Қазкоммерцбанкте, аудиторлық компанияларда табысты еңбек етіп жүр. Кейбірі қазір жоғары лауазымды қызметкер, бас экономист.

Экономика циклінде жоғары санаттағы, білім беру саласына еңбектері сіңген, колледжде оқытушылық қызмет еткендеріне 25 жылдан асқан оқытушылар В.М. Ишмухамедова, Лидия Ивановна  Рахимова сабақ береді.

Әлеуметтік зерттеулер бойынша қазіргі мамандардың кірісі – олардың білім деңгейімен көрсетілген. Білім саласына салынған қаржы – болашаққа деген ең сенімді қаржы. Әлемдегі ең қымбат – білім. Білім адамды тоздырмайды. Ақшаны – адам капиталына жұмсаңыз!