«Есеп және аудит» мамандығы 2008 жылдың 03 маусымында ҚР техникалық реттеу мен метеорология Министрлігінің индустрия және сауда Комитетінің бұйрығымен бекітілген.
Алматы байланыс колледжі бұл мамандыққа дайындауда алғашқылардың бірі болды.
Сіз санадармен және адамдармен жұмыс жасауды, талдау жасауға ынталы болсаңыз - қаржы есебі сіздің таңдауыңыз!
«Есеп және аудит» мамандығы студенттерге экономика жайында кең мағлұмат береді. Кез-келген мекемеге қаржының есебі, активі, кіріс-шығысы, ақшаның қозғалысы, табысы жөнінде ақпарат беретін маман қажет. Біздің студенттеріміз дәл осыларды толық білуге үйретіледі.
«Есеп және аудит» мамандығын алып шыққан түлектер еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие. Кез келген мекеме мен ұйымның жақсы көркейуі білікті маманға байланысты. Колледжіні бітірген маман кез келген ұйымда бухгалтер, бухгалтер-кассир, аудиттік қызметті орындай алады. Олар білімін жоғарлата жүріп, экономикалық-жоспарлау, қаржы бөлімдерінде де қызметтерін жоғарлата алады. Олар тексеру жұмысына да қатыса алады.
Мекеме, ұйым, фирманың атқаратын қызметіне қарай қаржы жағдайын талдау, зерттеу, не қаржы менеджері де болып қызмет жолында бас бугхалтер, қаржы директоры болуда оның білімі мен қабілеттілігіне байланысты.
«Есеп және аудит» мамандығын алып шыққан түлектердің тағы бір артықшылығы олар аудиттік кеңселерде бақылау, кәсіпорынның қаржысын анықтау, талдау, есеп-қисаптың дұрыстығын, орындалып жатқан жұмыстың заңдылығын, істе қаралып жатқөан кәсіпорын мен ұйымныңның төлем төлеу қабілеті барма, жоқпа анықтау ісіне қатысу, қаржы қызметіндегі қателікті көрсету жұмыстарын да жүргізе алады.
Жақсы аудитор әр кезде де сұранысқа ие. Онымен ірі-ірі компаниялар, ұйымдар, фирмалар жұмыс істегісі келеді. Ендеше іске сәт, жас маман!